Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41-1 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
41-1-бап. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді теңіз портында бақылау мен қадағалау

1. Теңiзге шығатын кемелерге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезiнде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы: 

1) кеме құжаттарының, дипломдардың, біліктілік куәліктерінің және дипломдар мен біліктілік куәліктеріне растаулардың болуын және олардың қолданылу мерзімдерін; 

2) кеменiң негiзгi сипаттамаларының кеме құжаттарына сәйкес келуiн; 

3) кеме экипажын жасақтауға қойылатын талаптардың сақталуын тексередi.  

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар болмаған немесе кеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырмайды деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменi қарап-тексереді. 

3. Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кеме: 

1) Қазақстан Республикасының теңіз портына бірінші рет кірген; 

2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы оны соңғы қарап-тексерген күннен бастап алты және одан көп ай немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген өзге кезең өткен; 

3) кеме соқтығысуға қатысушы болып, портқа жүзу жолында жерге тиюі немесе қайраңға отырып қалуы орын алған;  

4) кеменің Қазақстан Республикасының аумақтық суларын болжамды ластауы туралы ақпарат болған; 

5) кеменің сыныбы алдындағы алты ай барысында қауіпсіздік тұрғысынан тоқтатыла тұрған немесе алып қойылған; 

6) кеме ретсіз немесе қауіпсіз емес тәсілмен маневр жасаған не жүзу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қатерін туғызатын өзге де тәсілмен басқарылған; 

7) кеменің конструкциясы мен жабдығы жөніндегі міндетті куәліктерді, сондай-ақ сыныптау куәліктерін уәкілетті орган танымаған ұйым берген; 

8) порттың теңіз әкімшілігінің немесе шет мемлекеттердің теңіз биліктерінің теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарын сақтау, теңізде адам өмірін сақтау және теңіз ортасын ластанудан қорғау жөніндегі нұсқамасы орындалмаған жағдайларда, міндетті түрде қарап-тексеруге жатады. 

4. Кемені қарап-тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер көрсетіле отырып, кемені қарап-тексеру актісі жасалады, ол екі данада жасалып, оның біреуі кеме капитанына немесе оны алмастыратын адамға беріледі. 

5. Кеменiң теңiз портынан шығуына рұқсат беруге кедергi болатын анықталған кемшiлiктердiң жойылғанын тексеру мақсатында порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемені бақылау мақсатында қарап-тексеруді жүргiзуі мүмкін.  

Кемені бақылау мақсатында қарап-тексеру нәтижелері бойынша кемені қарап-тексеру актісі жасалады. 

6. Анықталған кемшіліктерді теңіз портында жою мүмкін болмаған жағдайда, порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кемеге, егер кеменің теңіз портына қауіпсіз жетуі үшін қажетті жағдайлар айқындалатын болса, басқа теңіз портына өтуге рұқсат береді. Бұл ретте порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы келесі кіру теңіз портының және ту мемлекетінің құзыретті органы бұл туралы хабардар етілгеніне көз жеткізуге тиіс. 

Ескерту. 7-тарау 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
42-бап. Кемелердің теңiз портынан шығуына рұқсат беру  

1. Әрбір кеме теңіз портынан шыққанға дейін порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамының осыған рұқсатын алуға міндетті. 

2. Порттың теңіз әкімшілігінің лауазымды адамы кеменiң теңiз портынан шығуына мына жағдайларда: 

1) кеме техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмегенде; 

2) тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменiң жүзу қауiпсiздiгiне, кемедегi адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн басқа да кемшiлiктер, сондай-ақ теңiз ортасына залал келтiру қаупi болғанда; 

3) кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда; 

4) тиісті мемлекеттік органдардың (шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) нұсқамасы болғанда; 

5) теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады. 

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап. Кеменi кiдiрте тұру  

1. Теңiз портының капитаны құтқару операцияларын жүзеге асыруға, кемелердiң соқтығысуына, порт құрылыстарының, су бассейндерiнiң, кеме жүзетiн жолдар мен навигациялық жағдай құралдарының зақымдануына байланысты немесе өзге де зиян келтiрiлуiне байланысты туындаған талабы бар тұлғаның өтiнiшi бойынша кеменi кеме иесiнің, жүк иесiнiң мiндеттемелерi қамтамасыз етілгенге дейiн кiдіртіп қоюы мүмкiн. 

2. Осы баптың 1-тармағында тiзiп келтiрiлген талаптар бойынша кеменi кідiрте тұру туралы өкiм, ресми түрде жұмыс күндерi емес деп қаралатын күндердi қоспағанда, жетпiс екi сағат бойы күшiнде болады. Аталған мерзiм iшiнде кеменi құзыреттi органдар тұтқындамаған жағдайда, ол дереу босатылуға тиiс. 

3. Кеменi негiзсiз кiдiртуден келтiрiлген залал үшiн кiдiртiп қоюды талап еткен адам жауапты болады.
Статья 1 ...40 41 41‑1 42 43 ...248

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться