Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
45-бап. Кемелердi лоцмандық алып өту

1. Кемелердi лоцмандық алып өту уәкілетті орган бекiтетiн қағидаларға сәйкес жүзу қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелердiң оқиғаларға ұшырауын болғызбау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүзеге асырылады. 

2. Теңiз лоцмандары ретiнде жұмысқа Қазақстан Республикасының азаматтары, олар уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болған жағдайда, жiберiлуi мүмкiн. 

3. Уәкiлеттi орган кемелердi лоцмандық алып өтудiң мiндеттi аудандары мен мiндеттi емес аудандарын белгiлейдi және мұндай аудандарды теңiз порттары мен лоцияларына жалпыға бiрдей ақпарат етiп жеткiзедi. 

4. Айдындары шектес теңiз порттарындағы кемелердi лоцмандық алып өту тәртiбiн теңiз порттарының капитандары белгiлейдi.  

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
46-бап. Кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту  

1. Кемелердi лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасына сәйкес мiндеттi лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттарын қоспағанда, кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өту аудандарында кеме лоцмансыз жүзудi жүзеге асыруға құқылы емес. 

2. Лоцмандық алып өтуден босатылатын кемелер санаттары туралы ақпарат теңiз порттарына жалпыға бiрдей мәлiмет ретiнде мiндеттi түрде жеткiзiледi. 

Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
47-бап. Кемелердi мiндеттi емес лоцмандық алып өту  

1. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi болып табылмайтын аудандарда кеме капитаны кемеге лоцман алуға құқылы. 

2. Кемелердi лоцмандық алып өту мiндеттi емес аудандарда теңiз портының капитаны:  

1) кеме немесе ол тасымалдап келе жатқан жүк теңiз ортасына зиян келтiруi мүмкiн болған;  

2) кеменiң корпусында, механизмдерiнде немесе жабдықтарында порттағы теңiзде жүзу қауiпсiздiгiне едәуiр ықпал жасауы мүмкiн елеулi ақаулары болған жағдайларда кемелердi мiндеттi лоцмандық алып өтудi белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда кеме капитанына теңiз портының капитаны оның кемесi мiндеттi лоцмандық алып өтуге ерiп отыруға тиiс екендiгi туралы хабарлайды.
Статья 1 ...44‑1 44‑2 45 46 47 ...248

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться