Ст. 10 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV
Тауар биржалары туралы
10-бап. Биржа саудасы қағидалары
1. Биржа саудасы қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржа саудасына қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды. 2. Биржа саудасы қағидалары мыналарды қамтиды:
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
2) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) маркет-мейкерлер қызметінің шарттары;
4) биржадағы сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді қолдану шарттары мен тәртібі;
5) клиенттерді биржадағы сауда-саттыққа қатысушылар ретінде тіркеу шарттары мен тәртібі;
6) биржадағы сауда-саттықты өткізу тәртібі;
7) биржадағы сауда-саттықты мерзімді келісімшарттармен өткізу тәртібі;
8) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бойынша биржадағы сауда-саттықты өткізу шарттары (биржа саудасына қатысушыларға қойылатын талаптар, бір сауда сессиясындағы сауда лотының ең жоғары және ең төмен мөлшері, баға өтінімдерінің ауқымы, өткізілетін тауардың көлемі, биржалық тауарға ақы төлеу және оны беру (тиеп-жөнелту) фактілерін растайтын құжаттардың болуы және өзге де шарттар);
9) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
10) биржалық қамтылым мөлшерін айқындау тәртібі;
11) биржадағы сауда-саттықта биржалық тауарлармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі;
12) өзін-өзі реттейтін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібі;
13) тауар биржасы мүшелерінің биржалық мәміленің заңдылығын қамтамасыз ету тәртібі;
14) тауар биржасындағы биржадағы сауда-саттықты тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібі;
15) биржалық төрелік қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасауға байланысты дауларды шешу тетіктері;
16) биржа саудасы бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі;
17) биржалық және биржадан тыс мәмілелерді есепке алу және тіркеу тәртібі;
18) биржалық алым мөлшерін қалыптастыру және өтінімдерді қамтамасыз ету тәртібі;
19) тауар биржасының уәкілетті органға есептер беру тәртібі;
20) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
21) өткізілетін биржадағы сауда-саттық туралы ақпаратты тауар биржасының интернет-ресурсында орналастыру тәртібі;
22) биржа саудасына қатысушыларды санаттау арқылы олардың қаржылық орнықтылығын айқындау шарттары;
23) алып тасталды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3. Тауар биржасы биржа саудасы қағидаларында реттелмеген және қосымша регламенттеуді талап ететін биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұйымдық-техникалық мәселелер бойынша тауар биржасының тиісті ішкі құжаттарын бекітуге құқылы.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Тауар биржалары туралы 12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері Тауар биржалары туралы 8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 4-бап. Кәсіби және өзге де мерекелер ҚР Жер кодексi 111-бап. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi, ғарыш қызметі мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер ұғымы және оның құрамы ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 511-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей