Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 2 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға; 

2) бағалар ауқымы – осы Заңда белгіленген тәртіппен нарықтық бағаларды айқындау әдістерінің бірін немесе ақпарат көздерін қолдану нәтижесінде айқындалған нарықтық бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген нарықтық бағалардың бірқатар мәндері; 

2-1) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау.  

"Бақылау" деген ұғым трансферттік баға белгілеу бойынша есептіліктің мақсаттары үшін пайдаланылады; 

3) белгіленім кезеңі – мәміле шарттарына сәйкес мәміле тараптары тиісті биржалық тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің), сондай-ақ бағалары биржалық тауарлардың белгіленімдеріне байланыстырылған биржалық емес тауарлардың күнделікті орташа арифметикалық баға белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнін айқындайтын кезең ішінде тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуге арналған келісімшартта белгіленген, бірақ биржадағы баға белгіленімдері жарияланған, қатарынан күнтізбелік отыз бір күннен аспайтын баға белгілеу кезеңі; 

3-1) белгіленім күні – ресми танылған ақпарат көздерінде тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) жарияланған баға белгіленімі бар күн; 

4) бірдей тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) – өздеріне тән бірдей негізгі белгілері: физикалық сипаттамалары, сапасы және рыноктағы өтімділігі, шығарған және өндірген елі бар тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 

5) бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті рыногы – нарықтық баға қалыптасатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногы немесе тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) межелі (берілетін) рыногының базасында нарықтық баға объективті түрде қалыптасатын және (немесе) айқындалатын рынок; 

6) біртекті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) – бірдей болмаса да ұқсас сипаттағы және ұқсас құрамдастардан тұратын, бұл оларға бір ғана функцияларды атқаруға және оларды өзара алмастыруға мүмкіндік беретін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер); 

7) дифференциал – мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері; 

8) жеңілдікті салық салынатын мемлекет – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шет мемлекет; 

9) комиссиялық (агенттік) сыйақы – мәмілеге қатысушы мен сауда брокері, трейдер немесе агент арасындағы жеке келісімде көзделген, жасалған мәміле сомасы немесе сомасының пайызы түрінде төленетін, тауарды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызметті көрсету бойынша сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің көрсеткен қызметі үшін төлемақы; 

10) Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, халықаралық іскерлік операциямен тікелей өзара байланысты мәміле – кейіннен халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәміле; 

10-1) қаржы жылы – халықаралық топтың жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын кезең; 

10-2) қолайсыз әлеуметтiк-экономикалық салдар – ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп тудыратын, сондай-ақ ұлттық экономиканың орнықты дамуына қатер төндіретін әлеуметтік және экономикалық салдардың жиынтығы; 

11) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесі – мәміле бағасының қолданылу негізділігін растайтын және уәкілетті органдарға берілетін құжаттар мен ақпарат; 

12) "қол созу" принципі – өзара байланысты тараптар арасындағы мәмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тәртіппен айқындалатын нарықтық баға бойынша мәмілелерді жүзеге асыратын тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелер шарттарымен салыстыру негізінде бағалар ауқымын ескере отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын принцип; 

13) маржа – тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі мәмілелерді жүргізу нәтижесінде сауда брокері, трейдер немесе агент алатын сома; 

14) маржаның ауқымы – салыстырымды экономикалық шарттарда "қол созу" принципіне сәйкес айқындалған нарықтық маржаның ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген бірқатар мәндер; 

15) мәміле бағасы – осы Заңмен реттелетін мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 

16) мәмілеге қатысушы – осы Заңмен реттелетін мәмілені жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 

17) мәмілелер мониторингі бойынша есептілік – трансферттік бағаларды қолдана отырып есепті кезең ішінде жасалған мәмілені қоса алғанда, уәкілетті орган бекітетін тәртіп пен нысанға сәйкес мәмілеге қатысушы жыл сайын мемлекеттік кіріс органдарына ұсынатын мәмілелер бойынша деректер; 

18) нарықтық баға – "қол созу" принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы; 

19) рентабельділік нормаларының ауқымы – салыстырымды экономикалық шарттарда "қол созу" принципіне сәйкес айқындалған рентабельділік нормаларының ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген рентабельділік нормаларының бірқатар мәндері; 

20) рентабельділік нормасы – негізгі қызметтен түскен, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден алынған бухгалтерлік пайданың осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарға қатынасы; 

21) салықтар бойынша жеңілдіктер – салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемелерінен босату (оларды азайту), инвестициялар жөніндегі келісімшартқа сәйкес инвестициялық салық преференцияларының болуы немесе қызметті арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асыру; 

22) салыстырымды экономикалық шарттар – егер мұндай шарттар арасындағы айырмашылық бағаға ықпал етпесе немесе мәмілелердің шарттарын осы Заңға сәйкес салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру мақсатында түзету мүмкін болса, бірдей (ал олар болмаған жағдайда – біртекті) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығындағы мәмілелердің шарттары; 

23) сауда брокері, агент – мәмілеге қатысушымен жасалған агенттік келісімнің шарттарына сәйкес делдалдық қызмет көрсетулерді орындайтын тұлға; 

24) сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақы – сауда-делдалдық қызмет көрсетулерді жүзеге асырғаны үшін мәміле тараптары бірінің ақшалай сыйақы немесе тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу бағасына жеңілдіктер беру (бағаны кеміту) нысанындағы өтеуі; 

25) трансферттік баға (трансферттік баға белгілеу) – өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсіз тараптар арасында мәмілелер жасау кезінде бағалар ауқымы ескеріле отырып, объективті түрде қалыптасатын нарықтық бағадан айырмашылығы болатын, осы Заңға сәйкес бақылауға жататын баға; 

26) трансферттік баға белгілеуді қолдану жөніндегі келісім – белгілі бір кезеңге нарықтық бағаны айқындау әдісі және нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын ақпарат көзі белгіленетін, уәкілетті органдар мен мәмілеге қатысушының арасындағы жазбаша шарт; 

27) трейдер – тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша делдалдық функцияларды жүзеге асыратын тұлға; 

28) түпкі тұтынушы – мәмілеге қатысушылармен осындай мәмілеге қатысушылар жүзеге асыратын мәміленің экономикалық нәтижелеріне ықпал ететін ерекше өзара қарым-қатынастары жоқ тәуелсіз тарап; 

28-1) түсім – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес айқындалатын, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер; 

29) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органы; 

30) ұзақ мерзімдік баға – ресми танылған ақпарат көздерінде және (немесе) мәмілеге қатысушылар арасындағы келісімшартта (шартта) белгілі бір кезеңге белгіленген мәміле бағасы; 

30-1) халықаралық топ – осындай халықаралық топтың негізгі компаниясын қоса алғанда, халықаралық топқа қатысушылар болып табылатын, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалардың жиынтығы: 

осы тармақшаның бiрiншi абзацында көрсетiлген тұлғалар жиынтығының құрамына Қазақстан Республикасының резидентi болып танылатын не Қазақстан Республикасының резиденті болып танылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi құрылымдық бөлiмше, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын ең болмағанда бiр тұлға кіреді; 

бақылау және (немесе) қатысу арқылы өзара байланысты болады; 

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына немесе бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес өздеріне қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалады не қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғалардың мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалған кезде ескерілмейді;  

30-2) халықаралық топқа қатысушы – мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін тұлға: 

халықаралық топтың негізгі компаниясы; 

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, өзіне қатысты халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалатын не егер осындай тұлғаның бағалы қағаздары қор биржасындағы сауда-саттыққа жіберілген болса, шоғырландырылған қаржылық есептілік (ол болмаған жағдайда) жасалуы мүмкін болған тұлға; 

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес қаржылық есептілігі тек қана осындай тұлғаның мөлшеріне немесе деректерінің елеулілігіне орай халықаралық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігі жасалған кезде ескерілмейтін тұлға;  

осы тармақшаның екінші және (немесе) үшінші және (немесе) төртінші абзацтарында айқындалған, осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені құрған тұлғаны ішкі бақылау не оның қаржылық, салықтық немесе өзге де реттеушілік есептілігі мақсаттары үшін өзіне қатысты жеке қаржылық есептілік жасалатын тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе тұрақты мекемесі; 

30-3) халықаралық топқа уәклетті қатысушы – халықаралық топтың негізгі компаниясы болып табылмайтын, бірақ:  

халықаралық топтың негізгі компаниясы халықаралық топтың атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға уәкілеттік берген және еларалық есептілікті ұсыну бойынша құқықтық қатынастарда халықаралық топтың негізгі компаниясы сияқты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын,  

30-3) тармақшаның үшінші абзацы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен.

Осы Заңда реттелетін құқықтық қатынастарда халықаралық топқа уәкілетті қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) халықаралық топқа уәкілетті қатысушыға тиісті өкілеттіктер берген халықаралық топқа қатысушының әрекеттері (әрекетсіздігі) болып танылады; 

30-4) халықаралық топтың негізгі компаниясы – бір мезгілде мынадай шарттарды қанағаттандыратын халықаралық топқа қатысушы: 

осындай қатысушы халықаралық топқа басқа қатысушылардың жарғылық капиталына тікелей және (немесе) жанама қатысады және мұндай қатысудың үлесі халықаралық топқа қатысушыларға қатысты шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау үшін жеткілікті шаманы құрайды;  

осындай қатысушының үстінен басқа негізгі компания болмайды; 

халықаралық топқа бірде-бір өзге қатысушы осы тармақшада көрсетілген барлық шарттарды бір мезгілде қанағаттандырмайды; 

31) халықаралық іскерлік операциялар – тауарларды сатып алу-сату жөніндегі экспорттық және (немесе) импорттық мәмілелер; тұрақты мекеме құрмастан Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын, резидент емес болып табылатын тараптардың бірінің жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі мәмілелері; Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнінде жасаған мәмілелері; 

32) шоғырландырылған қаржылық есептілік – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілік жасаудың өзге де халықаралық танылған стандарттарына сәйкес жасалатын, халықаралық топтың негізгі компаниясының және халықаралық топқа басқа да қатысушылардың активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары бір тұлғаның активтері, міндеттемелері, капиталы, кірістері, шығыстары және ақша ағындары ретінде ұсынылған халықаралық топтың қаржылық есептілігі. 

Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV; 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 ...20

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться