Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
7-бап. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары

1. Резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық операциялары бойынша төлемдері және (немесе) ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі банктік шоттар арқылы Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Уәкілетті банктерде банктік шоттарды ашпай және (немесе) пайдаланбай:  

1) Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютамен жеке тұлғалардың төлемдерін және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын;  

2) осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда жеке тұлғалардың ақша аударымдарын;  

3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу кезіндегі, сондай-ақ халықаралық тасымалдар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарларды өткізу және қызметтерді көрсету кезіндегі есеп айырысуларды; 

4) уәкілетті банктермен, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде жүзеге асырылатын қолма-қол ұлттық валютамен және шетел валютасымен жеке тұлғалардың операцияларын;  

5) заңды тұлғалардың және шетелдік ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) жұмыскерлерге жалақы төлеуін; 

6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарды төлеу кезіндегі операцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге іссапарға шығуына байланысты берілген, жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операцияларды; 

7) өз қызметін әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынас үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен бейрезидент-заңды тұлғалар арасындағы төлемдерді; 

8) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар мен теңіз порттарында шет мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсеткені үшін бейрезиденттер мен резиденттер арасындағы төлемдерді, сондай-ақ бейрезиденттердің халықаралық рейстерге қызмет көрсету бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуге, әуежай қызметі көрсететін қызметтерге және теңіз порттары көрсететін қызметтерге ақы төлеуін; 

9) резиденттер мен өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын бейрезиденттер арасындағы, Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген сома шегінде ұлттық валютамен төлемдерді;  

10) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдерді;  

11) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдар арасындағы қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды; 

12) жеке тұлғалардың шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жасалатын және оларды жасау кезінде орындалатын мәмілелер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерін; 

13) резидент-жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын; 

14) осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылатын бейрезиденттермен операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ уәкілетті банктердің шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын; 

15) Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында көзделген жағдайларда, бейрезиденттердің шетелдік банктердегі шоттарынан олар резиденттің мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын ақша аударымдарын жүргізуге жол беріледі. 

2. Қазақстан Республикасының аумағында (шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағын қоспағанда) валюталық операцияларды жүргізу кезінде заңды тұлғалар мен шетелдік ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) алған қолма-қол шетел валютасы уәкілетті банктердегі банктік шоттарға есепке жатқызылуға тиіс. 

Резиденттер мен бейрезиденттердің қолма-қол шетел валютасын алуға, есепке жатқызуға және пайдалануға байланысты уәкілетті банктегі банктік шот бойынша операцияларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

3. Капитал қозғалысы операциялары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ осы Заңға сәйкес есептік нөмірді алу қажет болатын валюталық шарттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары банктік шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады. 

4. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген сома шегінде уәкiлеттi банкте шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай, валюталық операциялар бойынша мынадай ақша аударымдарын: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусіз ақша аударымдарын; 

2) мемлекет пайдасына айыппұлдарды, салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын; 

3) жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына және осы Заңға сәйкес есептік нөмір алу қажет болатын валюталық шарттар бойынша операцияларға байланысты емес, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өзге де ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы. 

Банктік шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай аударым сомасы үшін шекті мәнді қоса алғанда, жеке тұлғалардың уәкілетті банкте банктік шот ашпай және (немесе) оны пайдаланбай ақша аударымдарын жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться