Ст. 16 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339
Ветеринария туралы
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне: 1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
3-1) республикалық қордан ветеринариялық препараттарды бөлу туралы шешім қабылдау;
4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық бақылау бекеттерiн қоса алғанда, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердің экспорты кезінде ветеринариялық сертификат беруге құқығы бар мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті ұйымдастыру және жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей