Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ветеринария туралы
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау

1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады. 

2. Уәкілетті орган белгiлейтiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына эпизоотикалық тұрғыдан қолайлы басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуiне, сондай-ақ транзитiне жол берiледi. 

3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелiнуi, әкетiлуi және транзитi тиiстi аумақтардың iндеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады. 

5. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген кезең мен тәртiп бойынша мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс. 

6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді. 

Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді. 

Нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн уәкілетті орган бекітеді. 

7. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитiне шарттар жасасудың алдында жеке немесе заңды тұлғаның уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнен экспорт, импорт және транзит елiндегi iндеттiлiк жағдайы туралы, жануарлар ауруларының қоздырушыларын әкелу мен әкетудi болдырмайтын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер туралы ақпарат алуға құқығы бар. Жасырын сипаттағы ақпарат орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объекті иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз жария етiлмеуге тиiс. 

8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.  

Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау құжаттық, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.01.06 № 238-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
21-бап. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау  

1. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер Қазақстан Республикасының аумағында тасымалданған (орны ауыстырылған) кезде мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады. 

2. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде оларға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды тиеу, түсiру жүргiзiлетiн аумақтардың, сондай-ақ тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетiн аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады. 

3. Ауыл шаруашылық жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсе отырып ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi. 

4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) үшiн пайдаланылатын және пайдаланылған көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс. 

5. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...37

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться