Ст. 6 Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV
Сыртқы барлау туралы
6-бап. Сыртқы барлау субъектілері қызметінің салалары
Барлау қызметін өз өкілеттіктері шегінде:
1) сыртқы барлау органы:
саяси, қаржы-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, әскери-саяси, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда;
Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерде шифрлік және радиотехникалық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып шифрленген, құпияландырылған, кодталған және өзге де арнаулы байланыс түрлері саласында;
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің, олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында;
шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдарының, қылмыстық қоғамдастықтардың (қылмыстық ұйымдардың) және жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге бағытталған барлау және өзге де қызметіне қарсы іс-қимыл саласында;
экстремизмге және террористік әрекетке қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ шекаралық саясат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын, Қазақстан Республикасының аумақтық сулары мен континенттік қайраңын күзетуді жедел қамтамасыз ету саласында;
2) алып тасталды – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары:
әскери, әскери-саяси, әскери-экономикалық және әскери-техникалық салаларда, террористік және экстремистік ұйымдарға қарсы іс-қимыл жасау, радиоэлектрондық құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, шифрланған, құпияланған және арнаулы байланыстың өзге де түрлері салаларында және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі әскери құрамдасының мүдделерін қозғайтын басқа да салаларда жүзеге асырады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей