Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Iшкi су көлiгi туралы
28-бап. Кеменi, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшiн қажеттiқұжаттардың тiзбесi

Ескерту. 28-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді. 

Кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар: 

1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар; 

2) сыныптаушы куәлiк; 

3) көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегені үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берілуге тиіс. 

1-1. 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен.

1-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс: 

1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі; 

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат. 

2. Кемені жалға алынған шетелдік кемелер тізіліміне мемлекеттік тіркеу үшін кеменi жалға алушының кеменi мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiшiне осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттар: 

1) кеменi жалға алу шартының нотариат куәландырған көшiрмесi; 

2) кеменiң меншiк иесiнiң және кеменiң немесе оған ауыртпалықтардың тiркелген ипотекасының кепiл ұстаушысының кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге ауыстыруға жазбаша рұқсаты; 

3) жалға алу шарты бойынша кеменi қазақстандық жалға алушының аты мен тұрғылықты жерiн не атауын және орналасқан жерiн растайтын құжат; 

4) шет ел кемесiне Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру туралы және осы кеменiң атауын айқындау туралы уәкiлеттi органның шешiмi; 

5) кеме тiркелген, тiкелей ту ауыстырғанға дейiн шет мемлекеттiң құзыреттi билiк орындары берген және бұл мемлекеттiң туын көтерiп жүзу құқығының кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы берiлген мерзiмге тоқтатыла тұрғанын растайтын құжат табыс етiледi. 

3. Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нысанын уәкілетті орган белгілейді. 

Шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар: 

1) осы Заңның 27-бабына сәйкес кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін және өзге де құжаттар; 

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат қоса берілуге тиіс. 

3-1. 31.12.2015 дейін қолданыста болды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен.

3-2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс: 

1) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі; 

2) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. № 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
29-бап. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару  

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан: 

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 

2) конструкциялық жағынан күйреген; 

3) қайта жасау немесе басқа да өзгерiстер нәтижесiнде кеме сапасын жоғалтқан; 

4) осы Заңның 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған; 

5) кеме иесінің ауысуына байланысты кеме шығарылуға тиiс. 

2. Кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару үшiн кеменiң меншiк иесi аумақтық бөлімшеге өтiнiшті және осындай шығаруға негiз болып табылған мән-жайларды растайтын құжаттарды беруге мiндеттi. 

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бұзғаны үшiн жауаптылық  

Кеменi және оған құқықтарды мiндеттi мемлекеттiк тiркеуден жалтарған тұлға, сондай-ақ кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде белгiленген тәртiптi бұза отырып тiркеген тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...103

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться