Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25-6 Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы
25-6-бап. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі

1. Тексерулер нысанындағы мемлекеттік бақылауды тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүргізеді. 

Осы Заңның 25-бабының 3) тармақшасында және 25-2-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдар тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – тексерілетін субъектілер) болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты тексеру "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады. 

Тексерулер мерзімді және жоспардан тыс болып бөлінеді. 

Тексерулер тексерілетін субъектіге бару арқылы жүргізіледі. 

2. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемшарт, сондай-ақ мынадай ақпарат көздері: 

1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері; 

2) есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері; 

3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нәтижелері тексерілетін субъектіні мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарына енгізуге негіз болып табылады. 

Мерзімді тексерулер тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі бекіткен мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі. 

Мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспары мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей және ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей бекітіледі және мерзімді тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейінгі мерзімде интернет-ресурстарда орналастырылады. 

Мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспары мыналарды қамтиды: 

1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі; 

2) мемлекеттік органның атауы; 

3) тексерілетін субъектінің атауы; 

4) тексерілетін субъектінің (объектінің) тұрған жері; 

5) тексеру жүргізу мерзімдері; 

6) жоспарға қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы. 

Бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе бақылау субъектілері арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінген жағдайларда, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және соларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылады. 

Осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде мерзімді тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін. 

3. Жоспардан тыс тексеру: 

1) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын бұзу туралы расталған жолданымдар болған кезде; 

2) тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жүргізу мақсатында; 

3) прокурордың тапсырмасы бойынша жүргізіледі. 

Анонимді жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруге тексерілетін субъектілерге қатысты анықталған және жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жатады. 

4. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексеру жүргізу кезінде: 

1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге; 

2) құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге; 

3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға; 

4) мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар. 

5. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде: 

1) мынадай: 

тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген, осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін мерзімдерден асып кеткен не олар өтіп кеткен; 

осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамын тексеруге жібермеуге; 

2) тексеру нәтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

6. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізу кезінде: 

1) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамының тексерілетін субъектінің (объектінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге; 

2) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамына құжаттарды (мәліметтерді) тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге; 

3) тексеруді тағайындау туралы, тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға міндетті. 

7. Тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде тексеру жүргізіледі. 

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі: 

1) актінің күні мен нөмірі; 

2) мемлекеттік органның атауы; 

3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер; 

5) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері; 

6) тексеру нысанасы; 

7) тексеру түрі; 

8) тексеру жүргізу мерзімі; 

9) тексеру жүргізу негіздері; 

10) тексерілетін кезең; 

11) тексерілетін субъект басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы; 

12) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолтаңбасы. 

Тексеру жүргізу кезінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектіге тексеру жүргізу басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабарлауға міндетті. 

Тексерілетін субъектіге тексеруді тағайындау туралы актіні табыс ету күні тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі. 

8. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін субъектіге: 

1) тексеруді тағайындау туралы актіні; 

2) қызметтік куәлікті (сәйкестендіру картасын); 

3) қажет болған жағдайда құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті. 

9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасын, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемін ескере отырып белгіленеді және он жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

Тексеру жүргізу мерзімі тек бір рет он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Ұзарту тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы басшылығының шешімімен жүзеге асырылады. 

Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін субъектіні хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі және ұзарту себептері көрсетіледі. 

Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама мерзімін ұзартудан бір жұмыс күні бұрын тексерілетін субъектіге табыс етілгені туралы хабарламамен бірге табыс етіледі. 

10. Тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасайды. 

Тексеру нәтижелері туралы актінің электрондық нысандағы бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі, екінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін тексерілетін субъектіге (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қолын қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органда немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органында қалады. 

11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі: 

1) актінің жасалған күні, уақыты және орны; 

2) мемлекеттік органның атауы; 

3) соның негізінде тексеру жүргізілген тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актінің) күні мен нөмірі; 

4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер; 

6) тексерілетін субъектінің атауы, оның тұрған жері; 

7) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі; 

8) тексерудің түрі мен нысанасы; 

9) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер; 

10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдар; 

11) актімен танысу немесе танысудан бас тарту туралы, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба; 

12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы. 

Тексеру нәтижелері туралы актіге олар болған кезде тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар және олардың көшірмелері қоса беріледі. 

12. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъект оларды тексеру нәтижелері туралы актіні алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады. 

Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тексерілетін субъектінің тексеру нәтижелері туралы ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және он бес жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс. 

Тексеру нәтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

Тексерілетін субъект бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы. 

13. Тексерілетін субъектіге тексеру нәтижелері туралы актіні тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей табыс етілген күн тексеру жүргізу мерзімінің аяқталуы болып есептеледі. 

14. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырылмай айқындалады. 

15. Тексеру нәтижелері туралы актіні орындау мерзімдерін айқындау кезінде: 

1) тексерілетін субъектіде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің бар-жоғы; 

2) мемлекеттік органдардан міндетті қорытындылар, келісулер және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттар алу мерзімдері көрсетіледі. 

16. Тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін субъект тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты беруге міндетті. 

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындайды. 

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа тексерілетін субъект бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді (егер тексеру нәтижелері туралы актіде материалды беру туралы көрсетілсе). Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді.  

17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін субъектінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

18. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды. 

Ескерту. 5-тарау 25-6-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. <*>  

Ескерту. 26-бап алып тасталды – ҚР 20.12.2004 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді) Заңымен.  

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

Статья 1 ...25‑4 25‑5 25‑6 26 27

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіздер ме? Мен мектепте 13 сағат жүктеме және 0,5 ставкамен тәрбие орынбасары қызметі бойынша жұмыс жасаймын. Менің өтінішім күнделікті жұмыс уақытымды есептеп берсеңіздер. Мен толық 8 сағат жұмыс жасауға міндеттімін ба?


Сәлемесізбе мен 12.09.2023 жылы қазақстанға келгенмін өзбекістан азаматымын келіп прафискаға отырыуға бір адамға ақша беріп алданып қалдым ол 3 айлық прафискаға отырғызып беремін деп алдап кетті соныңмен мен прафискаға отырыуға кешігіп қалдым уақтым өтіп кетті мен әкем уйінде қаиын ата енемен турдым квартирада киеуіммен турдым 3 жасар балам бар кәзірде 2 балама аияғым ауыр ол 8 аилық болып кетті мен тездетіп еліме қаитыуым керек киеуім басқа қалада жумыс істеп жатыр мен әкем уйіндемін менің ултым қарақалпақ әкем осы қазақыстан азаматы мен еліме тездетіп қаитыуым керек маған депорт басыуын қаламаимын штрафпен осы жақта соттау керек не істесем болады маған қандай баппен қанша көлемінде штраф салады


Добрый день! Как и куда можно писать заявление для того чтобы снять запрет о не выезде который ЧСИ не смотря ежемесячный оплату поставил?


Человек оказался не во время, не на том месте типа, его поимали бвенили пидофилие, мальчик отказался от заявления, родители то же отказались от обвинения, но парня все равно держу посадили. Парень сказать не такои, он муху не обидит, не за что обвинили, мать бедная бегает по прокурора, адвактам, вот так можно просто зале лететь если перечиш ментам,


Бала күтімінде отырып, жұмысқа шыққан педагогтің аттестаттаудан өту уақыты өтіп кетсе қандай шара қолданылады?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться