Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Халықты жұмыспен қамту туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V ҚРЗ


Утратил силу

Халықты жұмыспен қамту туралы
24-бап. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу

1. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін жаңа тұрғылықты жерге: 

1) бір облыс шегінде – мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай бөлу және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкін болған кезде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға; 

2) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары, сондай-ақ ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін, халықты жұмыспен қамту саласындағы үкіметтік бағдарламалар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі. 

2. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа орналастыру үшін мынадай санаттағы: 

1) жұмыс іздеген адамдардың; 

2) жұмыссыздардың; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарының және олардың отбасы мүшелерінің жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Жұмысқа орналасу үшін жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар арасында жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін: 

1) балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын қандастар; 

3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері; 

4) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады. 

4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау: 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге және тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар беруді; 

2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай ұсынған жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй немесе жатақханалардан бөлме беруді; 

3) жұмыс берушінің қажеттілігі бар болған кезде кәсіптік 

оқытуды; 

4) жаңа тұрғылықты жерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды. 

5. Халықты жұмыспен қамту орталығы ерікті түрде жаңа тұрғылықты жерге қоныс аударатын адаммен және жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушімен әлеуметтік келісімшарт жасайды. 

Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...39

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться