Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 270 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2025

ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
270-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің мәртебесі және олардың құқықтары

1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген негізгі кепілдіктерге, оның ішінде:  

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді қоса алғанда, қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы үшін тиісті жағдайлардың жасалуына; 

2) жұмыс берушінің немесе осы мақсаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттыруға немесе денсаулық жағдайына байланысты еңбек міндеттерін орындау мүмкін болмаған кезде және қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты, ұйымның таратылуына байланысты қызметкерлер жұмыстан босатылған кезде кәсіптік біліктілігін өзгертуге;  

3) біліктілік деңгейіне сәйкес келетін еңбегіне ақы төленуге; 

3-1) медицина қызметкерлерінің балаларына тұрғылықты жеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті атқарушы органдардың басым тәртіппен орын беруіне; 

3-2) пациент пен басқа да адамдар тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға; 

3-3) кәсібіне пациент пен басқа да адамдар тарапынан құрмет көрсетілуіне; 

3-4) ғылыми, зерттеу қызметін жүзеге асыруға, медициналық практикаға жаңа әдістемелер мен технологиялар ендіруге қатысуға; 

3-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық қызметті жүзеге асыруға; 

3-6) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық мамандық бойынша әскери қызметті өткеруге немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға; 

4) біліктілік деңгейіне, жұмыстың ерекшелігі мен күрделілігіне, еңбек көлемі мен сапасына, сондай-ақ қызметтің нақты нәтижелеріне сәйкес еңбегінің ынталандырылуына; 

5) кәсіптік бірлестіктер құруға және оларға қатысуға; 

6) медицина қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетуі кезінде пациенттің өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда олардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруға; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеттіруге; 

8) медициналық және фармацевтикалық қызметке рұқсат беру құжаттары болған кезде жеке медициналық практиканы және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға; 

9) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі байланыс құралдарын шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пациентті жақын жердегі медициналық ұйымға тасымалдаған жағдайда кедергісіз және тегін пайдалануға; 

10) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін жол жүруге байланысты көліктік шығыстарды өтетуге құқығы бар. 

Медицина қызметкерлерінің осы бапта көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс. 

2. Алып тасталды – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Оқу кезеңінде резидент-дәрігерлердің денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатына сәйкес медициналық ұйымдарда тәлімгердің қадағалауымен жұмыс істеуге құқығы бар. 

4. Шетелде медициналық білім алған адамдар білім туралы құжаттары танылғаннан, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын бере отырып, уәкілетті орган аккредиттеген ұйымда кәсіптік даярлығын бағалаудың оң нәтижесінен кейін медициналық немесе фармацевтикалық қызметке жіберіледі. 

Шетелде медициналық білім алған адамдардың кәсіптік даярлығын бағалау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. 

5. Алып тасталды – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Ескерту. 270-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2024 № 74-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...268 269 270 270‑1 270‑3 ...276

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?


Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда


И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо


Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка


Если Банк в 2017 году руководствуясь заочным решением городского суда от 2004 года, которого вообще не должно быть по факту того, что кредит был получен под залог ТНП в 20 раз превышающую сумму кредита и первый банк полностью удовлетворил свои требования реализовав без обращения в суд заложенные имущества и воспользовавшись моим длительные годы болезней еще подают в суд иск о моей задолженности и суд не смотря на то, что Залогодержатель в случае несвоевременного погашения банковского займа, имеет рпаво полностью удовлетворит свои требования с залога, а второй банк, который во время приемки активов и обязательств первого банка через 15 лет согласно данного решения суда в обход всех установленных норм права через ТОО"ПКБ" делается запись в моей кредитной истории о просроченной задолженности ис 2017 года по сегодняшний день все банки отказывают в финансировании мою компанию и в том числе меня в таком случае, для отмены данного решения суда от меня требуется ходатайство о ее отмены


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться