Ст. 272 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
272-бап. Әлеуметтік кепілдіктер. Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қорғау
1. Ауылдық жерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтін, мемлекеттік медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдау шаралары көзделеді: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімімен міндетті түрде тұрғынжай, оның ішінде қызметтік тұрғынжай беру;
2) жергілікті атқарушы орган белгілеген тәртіппен жәрдемақылардың міндетті түрде төленуі;
3) жергілікті атқарушы органдардың шешімімен коммуналдық шығыстарды өтеу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету және басқа да жеңілдіктер;
4) өзге де шаралар.
2. Мемлекеттік медициналық ұйымдардың медицина және фармацевтика қызметкерлерінің жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларын, қосымша жеңілдіктер мен ынталандырушы төлемдерді алуға халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан кейін басым құқығы бар.
3. Жергілікті атқарушы органдар медицина қызметкерінің беделін арттыру және оның жеке және кәсіптік өсуін арттыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен оған ынталандырушы төлемдер бере отырып, "Кәсібі бойынша үздік" мәртебесін береді.
3-1. Уәкiлеттi орган "Өз кәсібінің үздiгі" республикалық конкурсының әрбір аталымдағы жеңiмпаздарына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің бес жүз еселенген мөлшерiнде бiржолғы төлем бередi.
"Өз кәсібінің үздiгі" атағын беру қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
3-2. Медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінде біржолғы төлем беріле отырып, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы беріледі.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары тарапынан араласуға тыйым салынады.
5. Медицина немесе фармацевтика қызметкері кәсіптік қызметін жүзеге асырған кезде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
2) одан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
3) оған тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуге жол берілмейді.
Ескерту. 272-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2025 № 185-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей