Ст. 42-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
42-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органдарының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, өнімі (тауары), жұмысы, көрсетілетін қызметі анықталған жағдайларда, жедел ден қою шаралары қолданылады.
2. Тексеруді, профилактикалық бақылауды, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) әсер етудің осы бапта көзделген тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
Тексеруді, тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс жүргізуді қозғамай, жедел ден қою шаралары қолданылады.
3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді:
1) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, өткізу, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметін немесе оның жекелеген түрлерін (процестерді, әрекеттерді) тоқтата тұруды;
2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) өнімді (тауарды) өндіру, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне (процестерге, әрекеттерге) тыйым салуды;
3) техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді (тауарды) өткізуден алып қоюды және кері қайтарып алуды;
4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттетуді;
5) адамдарды емдеуге жатқызуға жіберуді ұйымдастыруды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу себептерін анықтау және көрсетілген талаптардың бұзылуына жол берген бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау үшін тергеп-тексеруді жүргізу кезінде, сондай-ақ бақылау мақсатында сатып алу кезінде жедел ден қою шаралары тексеру парақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтарға қатысты ғана қолданылады.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде осы Кодекстің 38-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген қаулы нысанында қадағалау актісін ресімдейді.
Қадағалау актісі Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау мен қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптарды бұзушылық бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, өнімді (тауарды) бақылау мақсатында сатып алу, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарда көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
11. Осы баптың 10-тармағына сәйкес, жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда немесе профилактикалық бақылауды, тексеруді немесе тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін олардың жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғанын растаған жағдайда, қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.
12. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның қадағалау актілерін жарамсыз деп тануы және олардың күшін жоюы үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау және қадағалау органдарының өздерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Ескерту. 42-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Основы права является также частью образовательной программы и они не имеют право его полностью убирать или заменять. Это прописано в Приказе Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.09.2024 г.) Пункт - 25. Содержание образования по учебным предметам стандартного уровня естественно-математического направления: Подпункт 3)Основы права, то есть этот предмет является также важной частью школьной программы. Почитай Закон "Об образовании" РК и приказ министра который я упомянул выше.
Здравствуйте. Если я правильно понял ситуацию, то да. На основание статьи 1067 ГК РК ваши дети по праву представления имеют право вступить в наследство бабушки (мамы вашего мужа) в качестве потомков вашего мужа. Доля вашего мужа в наследстве его мамы будет принадлежать детям. Вам необходимо в течение 6 месяцев вступить в наследство бабушки у нотариуса в качестве представителей ваших детей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей