Ст. 45-1 ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ
ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы
45-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тергеп-тексерулер
1. Тергеп-тексерулер Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-4-бабы 3-тармағының 1) – 4) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
2. Осы Кодекстің 37-бабының 1-тармағында көзделген лауазымды адамдар тергеп-тексерулерді осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексерулерді жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізеді.
3. Бақылау мен қадағалау субъектілері тергеп-тексеру шеңберінде мыналарды:
1) талап етілуі бақылау мен қадағалау субъектісінің ішкі құжаттарында көзделген арнаулы киім мен жеке-дара қорғану құралдарын лауазымды адамға немесе комиссия мүшелеріне, тартылған сарапшылар мен мамандарға беруді;
2) тергеп-тексеруге қатысты құжаттарды және (немесе) материалдарды, оның ішінде архивтік құжаттарды және (немесе) материалдарды, түсініктемелерді жазбаша және (немесе) ауызша нысанда беруді;
3) объектіге зерттеп-қарау; өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау жүргізу; зертханалық және аспаптық зерттеулер, өлшеуді жүргізу үшін кедергісіз мүмкіндік беруді;
4) лауазымды адамдардың, комиссия мүшелерінің, тартылған сарапшылар мен мамандардың тергеп-тексеру нысанасына жататын объектінің аумағына (тұрғын және әкімшілік ғимараттарға, құрылыстарға, құрылысжайларға, үй-жайларға және басқа да объектілерге) кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
4. Тергеп-тексеру шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) іріктеу; тұлғаларды зерттеп-қарау; зертханалық және аспаптық зерттеулер, өлшеу жүргізу жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша осы Кодекстің 42-1-бабында көзделген негіздер болған кезде жедел ден қою шаралары қолданылады, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі, осы Кодекске сәйкес шектеу іс-шаралары енгізілуі мүмкін.
6. Тергеп-тексеруді жүргізу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылық себептері анықталады, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылыққа жол берген бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) айқындалады.
7. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, онда анықталған бұзушылықтар, оларды жою жөніндегі нұсқаулар, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмауы керек.
8. Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою үшін қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, өзіне тергеп-тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
9. Тергеп-тексеру қорытындыларына шағым жасау тергеп-тексеру нәтижелері туралы актінің орындалуын тоқта тұрмайды.
10. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен адамдарды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады.
11. Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды мерзімінен бұрын немесе тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде көрсетілген мерзімдерде жойылған жағдайда, тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді (қажет болған кезде).
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылған жағдайда, сондай-ақ ол тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
12. Осы баптың ережелерін және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін сақтамау тергеп-тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту және нәтижелері туралы актілерді жарамсыз деп тану және (немесе) олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.
13. Мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органының интернет-ресурсында тергеп-тексеру аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде жарияланады.
Ескерту. 45-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?
Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?
Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?
Основы права является также частью образовательной программы и они не имеют право его полностью убирать или заменять. Это прописано в Приказе Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.09.2024 г.) Пункт - 25. Содержание образования по учебным предметам стандартного уровня естественно-математического направления: Подпункт 3)Основы права, то есть этот предмет является также важной частью школьной программы. Почитай Закон "Об образовании" РК и приказ министра который я упомянул выше.
Здравствуйте. Если я правильно понял ситуацию, то да. На основание статьи 1067 ГК РК ваши дети по праву представления имеют право вступить в наследство бабушки (мамы вашего мужа) в качестве потомков вашего мужа. Доля вашего мужа в наследстве его мамы будет принадлежать детям. Вам необходимо в течение 6 месяцев вступить в наследство бабушки у нотариуса в качестве представителей ваших детей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей