Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Астық туралы
24-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру)

Ескерту. 24-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның өкiлеттiктерi  

Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi 

1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға: 

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;  

2) алып тасталды - 2006.01.10. № 116 Заңымен. 

3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы. 

2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады. 

3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  

Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. № 488, 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 502-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
26-бап. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру 

Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның күшін тоқтата тұру, лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.  

Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
27-бап. Астық сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру 

Ескерту. 27-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
28-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару  

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мақсатында олар жөнiнде әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық- техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзу болып табылады. 

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай фактілердің бірі анықталған кезде сот шешімімен енгізіледі: 

1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы; 

2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етілген астық мөлшерінің астық қабылдау кәсіпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерінен асып кету. 

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады. 

4. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару астық қабылдау кәсiпорнының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

5. Уақытша басқару кезеңiнде заңсыз әрекеттермен астық қабылдау кәсiпорнына келтiрген залал үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiктiң мүшелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапты болады.  

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. N 488, 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
29-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу  

Ескерту. 29-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия 

1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады. 

2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың барлығына үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді. 

Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі уақытша басқару жөніндегі комиссияны өз бетінше құруға құқылы. 

3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне: 

1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату); 

2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту; 

3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді. 

4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді: 

1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент; 

2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент; 

3) уәкілетті орган - жиырма бес процент. 

5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді: 

1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент; 

2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент; 

3) уәкілетті орган - жиырма бес процент; 

4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент. 

6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы. 

Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. 

7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк  

1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды. 

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:  

1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi; 

2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады; 

3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады; 

4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады. 

3. Уақытша әкiмшiлiк: 

1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға; 

2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға; 

3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға; 

4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға; 

5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға; 

6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға; 

7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.  

4. алып тасталды  

Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 200.05.15. № 253 Заңымен.
32-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау  

Ескерту. 32-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 
33-бап. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды тоқтату  

1. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару мынадай негiздер: 

1) сот шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмiнiң өтуi; 

2) соттың уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы бойынша тоқтатылады.  

2. Уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау негіздерінің бірі мыналар: 

1) астық қабылдау кәсіпорнының шығарылған астық қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтіруі; 

2) уақытша басқару кезеңінде басқа астық қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға әсер ететін мән-жайлар болмаған кезде астық қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлімделген талаптарын толық көлемде қанағаттандыру болып табылады. 

3. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды оның енгiзiлуiне әкеп соққан себептердiң жойылуына байланысты аяқтау (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын тоқтату) сот шешімінің негізінде қабылданған осы астық қабылдау кәсiпорнына қатысты барлық шектеулердiң күшi жойылуына әкеп соғады. 

4. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін қалпына келтіруге алып келмеген жағдайда, уақытша әкімшілік: 

1) тиісті жергілікті атқарушы органға астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізеді; 

2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы сотқа талап арыз береді. 

Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлі тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талапкердің барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларға өтеді. 

Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-1-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін тексеру


Ескерту. 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...22 23 24 24‑1 25 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться