Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 39 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Астық туралы
39-бап. Астық қолхаты

1. Астық қабылдау кәсіпорны астықты сақтауға қабылдағанын растау ретінде астық қолхатын шығаруға арналған бұйрық негізінде тіркеуші ақпараттық жүйеде астық қолхатын шығарады. 

2. Астық қолхатында мынадай міндетті деректемелер болуы тиіс: 

1) астық қолхатының нөмірі; 

2) астықты сақтауға қабылдаған астық қабылдау кәсiпорнының атауы, орналасқан жерi және бизнес-сәйкестендiру нөмiрi; 

3) астықты сақтауға тапсырған заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі; 

4) кепіл ұстаушылар (астық қолхаты бойынша астық кепілі кезінде) болып табылатын заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, бизнес-сәйкестендіру нөмірі не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi, жеке сәйкестендіру нөмiрi, жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі; 

5) астық түрі, оның сандық және сапалық сипаттамалары; 

6) оған дейін астық сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу жүргізілген күн; 

7) астық қолхаты шығарылған күн. 

3. Астық қабылдау кәсіпорындарына астық қабылдау кәсіпорнының техникалық сыйымдылығынан асып түсетін астық көлеміне астық қолхаттарын шығаруға тыйым салынады. 

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-1-бап. Астық қолхатын шығаруға қойылатын талаптар 

1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына шығарылады. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне шығарылатын астық қолхаттарының саны тізілімде қалыптастырылатын және астық қабылдау кәсіпорны мен астықтың иесi қол қоятын астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады. 

2. Астық қабылдау кәсіпорны астықты қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде астық қолхаттарын шығарады. 

Ескерту. 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.10.13 № 488; жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың құқықтары  

Ескерту. Алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерiбойынша құқықтарды беру 

Ескерту. 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.10.13. № 488; алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
41-бап. Астық қолхаты бойынша астық беру 

1. Астық қолхатын ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсіпорнының орналасқан жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi. 

2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушы немесе астық қабылдау кәсіпорны тізілімде қалыптастыратын астық қолхатын өтеуге арналған бұйрық негізінде жүргізіледі. Астық берілгеннен кейін астық қолхаты Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен өтеледі. 

Ескерту. 41-бап жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...37 38 39 39‑1 40 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться