Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) авария – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары; 

1-1) алушы – багажды, жүк-багажды немесе пошта жөнелтілімдерін алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген тұлға; 

1-2) апат – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың нәтижесінде адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары; 

2) арнайы жылжымалы құрам – магистральдық теміржол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін теміржол көлігі құралдары; 

3) арнаулы тасымалдар – уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мемлекет мұқтажына арналған арнаулы жүктердi жəне жолаушылардың жекелеген санаттарын тасымалдау; 

4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары – әлеуметтiк мәнiн: 

облысаралық қатынастарда – уәкілетті орган; 

ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар; 

5) багаж – жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк; 

6) бекіту-пломбалау құрылғылары – вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері; 

7) билет кассасы – оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, теміржол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері; 

8) вагон – темiржолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы; 

8-1) вагондарды беру-алып кету – маневрлік локомотивпен вагондардың: 

станциялық жолдардан – тиеу, түсіру (жүктен босату) орындарына, кірме жолдарға;  

кірме жолдарда – контрагенттің қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары мен тиеу, түсіру (жүктен босату) орындары арасында орнын ауыстыру; 

9) вагондар (контейнерлер) операторы – вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 

10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер; 

10-1) вокзал маңындағы аумақ – теміржол вокзалына кіреберіс және кірме жолдар, қоғамдық және жеке көліктің аялдама пункттері, қойылатын орындар, автомобиль тұрақтары, абаттандыру элементтері бар теміржол вокзалына іргелес жатқан аумақ; 

11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк – теміржолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк; 

11-1) диспетчерлік реттеу – нақты уақыт режимінде тасымалдау процесінің операцияларын басқару және олардың мониторингі процесі; 

11-2) ерекше маңызды тасымалдар – Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдарын теміржолмен тасымалдау кезінде теміржол жылжымалы құрамымен тасымалдауға, сондай-ақ олардың жүру маршруттарына (қатынастарына) уəкілетті орган беретін мəртебе; 

12) жолаушы – жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға; 

13) жолаушы агенттігі – тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға; 

13-1) жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар тасымалдары үшін пайдаланылатын тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға; 

14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушылар тасымалын басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі; 

15) жол дамытылымы – магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы; 

16) жөнелтушi – багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтiлiмдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға; 

17) жүк – тасымалдау шарты ресімделе отырып тасымалдауға қабылданған мүлік, оның ішінде бос меншікті вагон (контейнер); 

18) жүк алушы – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға; 

19) жүк-багаж – жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;  

20) жүк жөнелтушi – тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға; 

21) жүк жөнелтiлiмi – бiр темiржол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы; 

22) жүк терминалы – жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені; 

22-1) жүк транзиті – жүкті бір елден екінші елге Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау, ол процесте мынадай бір немесе бірнеше операция: жүктің тоқтап тұруы, оны қайта тиеу, қоймаға қою, бөлшектеу, жүктің орындарын, массасын, санын және көлік түрін өзгерту орындала отырып, жүк Қазақстан Республикасының теміржол станциясына келеді және (немесе) теміржол станциясынан Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кетеді; 

23) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүктердi, жүк-багажды, пошта жөнелтiлiмдерiн темiржолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де теміржол көлiк құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам; 

23-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті – инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны; 

24) контейнер – жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы; 

25) контрагент – рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға; 

26) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

27) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

28) алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

29) кiрме жолдар – жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темiржолдар; 

30) кiрме жолдар қызметтерi – тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері; 

31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары – қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды теміржолдарға шығару-жинау шартында белгіленген теміржолдар; 

32) қабылдау-тапсыру операциялары – жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер; 

32-1) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын құжат; 

32-2) қауіпсіздікті басқару жүйесі – операцияларды жоспарлау, дайындау және орындау, мониторинг, бақылау, талдау процестерін қамтитын және тасымалдау процесінің қауіпсіздігі жөнінде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге және адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіру тәуекелдерін азайтуға бағытталған, тасымалдаушыны басқарудың өзара байланысты және өзара іс-қимыл жасаушы құрауыштарының жиынтығы; 

32-3) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті – қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың және бағалаудың жүйелі процесі; 

33) қауiптi жүктер – өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер; 

34) қол жүгi – жолаушының вагонда өзiмен бiрге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары; 

35) локомотив инфрақұрылымының объектілері – тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер; 

36) локомотив инфрақұрылымының операторы – меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға; 

37) локомотивтік тартқыш операторы – жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторын қоспағанда, тартқыш көлік құралын (локомотивті) меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін, оны күтіп-ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететін тұлға; 

38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi – темiржолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер; 

39) магистральдық жолдар – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында теміржол көлігінің жұмыс істеуіне және басқа мемлекеттермен теміржол қатынасын қамтамасыз етуге арналған, басты жолдардан (теміржол станциялары арасындағы аралық жолдардан, іргелес жатқан аралық жолдардың тікелей жалғасы болып табылатын, станциялар шекараларындағы және әдеттегідей, бағыттамалық бұрмаларда ауытқуы жоқ жолдар), сондай-ақ қабылдау-жөнелту жолдарынан (станция шекараларында поездарды қабылдауға, жөнелтуге, басып озуға, айыруға және өткізуге арналған жолдар) тұратын теміржолдар; 

40) магистральдық теміржол желісі – халықаралық және республикаішілік теміржол қатынастарын қамтамасыз ететін, өзара жалғасқан магистральдық және станциялық жолдар, сондай-ақ электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілері, құрылғылар, жабдықтар, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, вокзалдар және олардың жұмыс iстеуi үшiн технологиялық қажеттi өзге де объектілер жүйесі; 

41) магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері – поездарды өткізу мен олардың қозғалысы үшін магистральдық теміржол желісін пайдаланумен байланысты, Ұлттық инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларға көрсететін қызметтер; 

42) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

43) маневрлік жұмыс – вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру; 

43-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржолдар – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген темiржолдар; 

43-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын және магистральдық темiржол желiсiне енгізілмеген объектiлер; 

43-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдардың көрсетілетін қызметтерi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша салынған және пайдаланылатын, темiржол көлiгi объектiлерi бар темiржолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер; 

43-4) оқиға – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлары; 

43-5) оқыс оқиға – теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары; 

44) пайдалану құжаттамасы – инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын пайдалану тәртібін көздейтін құжаттама; 

45) поезд - Ұлттық инфрақұрылым операторы айқындаған маршрут бойынша жүретін, белгіленген сигналдары бар, жұмыс істеп тұрған бір немесе бірнеше тартқыш көлік құралдары (локомотивтері немесе моторлы-вагонды жылжымалы құрамдары) бар, құралған және тіркелген вагондар құрамы, вагонсыз локомотивтер, моторлы вагондар және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам; 

45-1) поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспарының жобалары негізінде ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен, оның ішінде магистральдық теміржол желісі учаскелерінің өткізу қабілеті мен станциялардың өңдеу қабілеті ескеріле отырып, теміржол станцияларында қалыптастырылатын, поездардың санаты мен бағытын белгілейтін құжат; 

46) салмағы ауыр жүк – массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк; 

47) станциялық жолдар – станциялар шекараларындағы теміржолдар: станциялар шекараларындағы магистральдық жолдарды қоспағанда, сұрыптау, тиеу-түсіру, тартымдық, деполық, жалғастырғыш, арнайы теміржолдар; 

48) тармақ иеленушi – меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темiржолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға; 

49) тасымалдау – жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді жөнелту пунктінен межеленген пунктке апару; 

49-1) тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы – жолаушы, жүк жөнелтуші (жөнелтуші), жүк қабылдаушы (қабылдаушы), экспедитор; 

50) тасымалдауға болатын мерзiм – тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi; 

51) тасымалдау қағидалары – тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер; 

52) тасымалдау құжаттары – ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, темiржол көлiгi жүкқұжаты); 

53) тасымалдау процесі – теміржол көлігімен тасымалдауды дайындау, жүзеге асыру және аяқтау кезінде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты операциялар жиынтығы; 

54) тасымалдау процесіне қатысушы – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушы, тасымалдаушы, Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтік тартқыш операторы, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тармақ иеленуші, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарды иеленуші; 

54-1) тасымалдау процесінің қауіпсіздігі (бұдан әрі – қозғалыс қауіпсіздігі) – қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы мен оның салдарларының ауырлық дәрежесінің ұштасуын ескере отырып, адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге, тасымалдау процесіне қатысушылар мен үшінші тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге байланысты, тасымалдау процесі операцияларын орындау кезінде жол берілмейтін қатердің болмауы; 

54-2) тасымалдаушы – жүктерді немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде жылжымалы құрамды иеленетін тұлға; 

55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж – жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж; 

55-1) теміржол вокзалының класы – теміржол вокзалының орындалатын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлеміне және техникалық жарақтандырылуына қарай айқындалған мәртебесі; 

56) теміржол вокзалы – класына қарай халыққа теміржол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үйлердің, ғимараттардың (жолаушы платформаларын, вокзал өтпелерін және вокзал маңындағы аумақты қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені; 

57) темiржолдар – жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар); 

58) темiржол көлiгi – темiржолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi; 

59) алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

60) темiржол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары – тасымалдау қауiпсiздiгiн, темiржол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi; 

60-1) теміржол көлігінің көмекші қызметі – тасымалдау процесінің қатысушысы болып табылмайтын және инфрақұрылым объектілерін, ғимараттарды, теміржол көлігінің жылжымалы құрамын, арнайы жылжымалы құрамын, конструкцияларын, жабдықтары мен мүкәммалын жобалау, жасау, оларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және кәдеге жарату бойынша қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға; 

61) теміржол қатынасы – жөнелту және межелі пункттер арасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау; 

62) темiржол станциясы – поездар қозғалысын реттеудi, өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт; 

62-1) 01.01.2022 дейін қолданыста болды - ҚР 27.12.2019 № 295-VІ Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

62-2) тармақша 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2024 дейін қолданыста болады – ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңымен.

62-2) уақытша теңгерімдеу төлемақысы – Ұлттық жүк тасымалдаушының жолаушылар тасымалын қолдауға бағытталған шығыстары; 

63) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

64) Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, жүк-багажын, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдаулар бойынша қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 

64-1) Ұлттық жүк тасымалдаушы – жүктерді тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін, оның ішінде арнайы және әскери тасымалдауларды орындайтын, бүкіл магистральдық теміржол желісінде поездарды қалыптастыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; 

64-2) Ұлттық инфрақұрылым операторы – акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке немесе Ұлттық теміржол компаниясына тиесілі, магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтіп-ұстауды, жаңғыртуды, салуды жүзеге асыратын және магистральдық теміржол желісі қызметтерін көрсететін, сондай-ақ әскери тасымалдарды бірінші кезекте қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 

65) Ұлттық теміржол компаниясы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, дамудың жалпы бағыттарын айқындайтын жəне Ұлттық инфрақұрылым операторы, ұлттық тасымалдаушылар жəне теміржол көлігі саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де үлестес заңды тұлғалар қызметінің бағыттарын, оның ішінде əскери тасымалдарды жан-жақты қамтамасыз ету бойынша үйлестіруді қамтамасыз ететін акционерлік қоғам; 

66) экспедитор – тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 № 538 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 295-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.11.2020 № 373-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться