Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 55 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер

1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi немесе экспедиторды олардың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы дереу телеграф арқылы немесе өзге де тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды жасалған шартқа сәйкес хабардар етуге мiндеттi. 

Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 

2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.  

3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.  

4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.  

Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...53 54 55 55‑1 56 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться