Ст. 571 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
571-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу
1. Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық және ішкі тасымалдау қағидаларын бұзу – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi –
жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға – бір жүз сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жеті жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-бөліктің бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген – ҚР 09.01.2026 № 257-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы –
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 571-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.10.2024 № 131-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день, скажите пожалуйста после службы в армии, учеба в "ГУ Алматинский областной государственный учебный комбинат по подготовке водительских кадров" засчитывается в трудовой стаж? Имеется свидетельство № 123626 от 20.03.1993г., об окончании в период с 02.11.1992 по 20.03.1993гг. (4 месяца 19 дней). с записью в свидетельстве: Учеба по программе подготовки водителя транспортных средств категории «В-С», Устройство, техническое обслуживание и правила технической эксплуатации. Правила вождения. Практическое вождение. Протокол № 52 от 20.03.1993г. Архивную справку запросил, в архивах нет данных. Спасибо.
Добрый день! Моя напарница ушла на больничный, на замену осталась я во вторую смену, руководство в устной форме сказала что оплачиватся будет всего лишь 30 процентов. Законно ли?
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей