Ст. 33 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
33-бап. Адвокаттың құқықтары мен міндеттері
1. Адвокат көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға ол мұқтаж болып тұрған кез келген заң көмегiн көрсетуге құқылы.
2. Осы Заңның 63-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, адвокат өзiне өтініш жасаған тұлғамен заң көмегiн көрсету туралы өз атынан жазбаша шарт жасасады.
3. Адвокат қорғаушы немесе өкiл ретiнде әрекет ете отырып:
1) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерiн құзыретiне тиiстi мәселелердi шешу кiретiн барлық соттарда, мемлекеттiк, өзге де органдар мен ұйымдарда қорғауға және бiлдiруге;
2) барлық мемлекеттiк органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен заңды тұлғалардан адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шектерде, заң көмегiн көрсетуге қажетті нақты деректерді өзі дербес жинауға және оларды мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсынуға;
4) процестік құжаттарды, тергеу және сот iстерiн қоса алғанда, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаға қатысты материалдармен танысуға және оларда қамтылған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен тіркеп алуға;
5) iске қатысуға жiберiлген кезден бастап жолығулардың санын, ұзақтығын шектемей және мұндай жолығулардың құпиялығын қамтамасыз ететiн жағдайларда өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығып тұруға ие болуға;
6) заң көмегiн көрсетуге байланысты туындайтын және ғылым, техника, өнер саласында және басқа да қызмет салаларында арнайы бiлiмдi талап ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн шарттық негiзде мамандардың қорытындыларын сұратуға;
7) мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің көмек сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделерiне қысым жасайтын шешімдеріне және әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) өтiнiшхаттар мәлiмдеуге, белгiленген тәртiппен шағымдар келтіруге;
8) егер бұл анықтау сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу кезiнде, сотта қорғауды немесе өкiлдiк етуді жүзеге асыру үшiн қажет болса, мемлекеттiк құпияларды құрайтын, сондай-ақ әскери, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын ақпаратпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен танысуға;
9) заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың заңда тыйым салынбаған барлық құралдары мен тәсiлдерiн пайдалануға;
10) татуластыру рәсімдерін жүргізуге;
11) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге;
12) заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де әрекеттердi жасауға құқылы.
4. Мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адвокаттың заң көмегiн сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiн бiлдiру құқығын танудан бас тарта алмайды.
Адвокат соттардың, прокуратураның, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың әкімшілік ғимараттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, адвокат куәлігін көрсету арқылы еркін кіру құқығын пайдаланады.
Адвокаттың ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды және жазасын өтеп жатқандарды ұстау орындарына кiруi белгiленген өткізу режиміне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Адвокаттың мiндеттi сақтандыру қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қорғауға құқығы бар.
Адвокаттар әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлейдi.
Адвокаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар.
6. Адвокаттар сот отырыстарына адвокаттық мантиялар киіп қатысуға құқылы.
Адвокаттық мантиялардың нысаны мен сипаттамасын Республикалық адвокаттар алқасы әзірлейді және бекітеді.
7. Адвокат:
1) өзiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындаған кезде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы адвокатының антын, Адвокаттардың кәсiптiк әдеп кодексiн сақтауға;
3) адвокаттар алқасының мүшесі болуға;
4) өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асыруға;
5) клиентке адвокаттар алқасына мүшелігі туралы ақпарат беруге;
6) клиентке заң көмегін көрсетуге кедергі келтіретін мән-жайлардың туындауы салдарынан өзінің оны көрсетуге қатыса алмайтыны туралы хабарлауға;
7) клиенттің талап етуі бойынша адвокаттың кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шартының көшірмесін ұсынуға;
8) клиенттің талап етуі бойынша онымен құпия ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасуға;
9) заң көмегін көрсетуге байланысты өзіне мәлім болған мәліметтерді құпия сақтауға және оларды көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келісуінсіз жария етпеуге;
10) клиенттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс жүзіндегі мән-жайларды анықтау бойынша заңда тыйым салынбаған кез келген әрекетті орындауға;
11) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету туралы жазбаша шартты орындау туралы есеп ұсынуға;
12) клиенттің талап етуі бойынша заң көмегін көрсету кезінде пайдаланылған құжаттардың көшірмелерін заң көмегін көрсету аяқталған күннен бастап үш жыл бойы қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде не электрондық құжаттар нысанында сақтауға;
13) өзiнiң бiлiктiлiгiн ұдайы арттырып отыруға;
14) адвокаттар алқасына мүше болып кіргеннен кейін, сондай-ақ коммерциялық ұйым құрылғаннан кейін бір ай ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті (акциялар пакетін) және пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін өзге де мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариаттық куәландырылуға жатады. Адвокат өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуге құқылы. Адвокаттың сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында және заң көмегін көрсету туралы шартта көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
8. Адвокаттың:
мүдделер қақтығысы болған кезде;
процестік заңнамада көзделген, адвокаттың іске қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде заң көмегін көрсетуіне тыйым салынады.
Бұл жағдайларда адвокат заң көмегін көрсетуден бас тартуға міндетті.
9. Адвокаттың іс бойынша көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның жағдайын нашарлататын құқықтық ұстанымда болуына, өз өкiлеттiгiн өзі мүдделерiн қорғайтын немесе бiлдiретiн тұлғаға нұқсан келтiріп пайдалануына тыйым салынады.
10. Адвокат осы баптың 8-тармағында көзделген мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық iс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқылы емес және қорғалатын тұлғаның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi.
11. Адвокаттың Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің және коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларынан басқа ретте, мемлекеттiк қызметте болуына және кәсіпкерлік қызметпен айналысуына, өзге де ақы төленетін лауазымда болуына тыйым салынады.
Коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің (директорлар кеңесінің) құрамына кірген жағдайда, адвокат осы ұйымға және онымен үлестес тұлғаларға заң көмегін көмек көрсетуге құқылы емес.
Адвокат адвокаттық қызметті адвокаттар алқасында, Республикалық адвокаттар алқасында, адвокаттардың халықаралық қоғамдық бірлестіктерінде ақы төленетін сайланбалы және тағайындалатын лауазымдардағы жұмыспен қоса атқаруға құқылы.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей