Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 40 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2024

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
40-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары

1. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттары уәкілетті орган айқындайтын қағидаларда белгіленеді. 

2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан ойдағыдай өткеннен кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға "электрондық үкіметтің" веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өзін аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді. 

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш беру кезінде аттестаттаудың жүргізілетін орнын, күнін және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы. 

3. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, қайтару себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарады. 

Комиссия үміткердің аттестаттауға жіберу туралы өтінішін күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қарау қорытындылары бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады. 

Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген кезде, барлық деректердің адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкестігі интеграцияланған дерекқорлардың ресурстары пайдаланыла отырып, автоматты түрде тексеріледі. 

Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады. 

Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей үміткерге жібереді. 

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттау жүргізілерден күнтізбелік он күн бұрын оның жүргізілетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы хабардар етеді. 

Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген және үміткер адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі аттестаттау жүргізу үшін үміткерлердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады және оның жүргізілетін орнын, күнін, уақытын және тілін (қазақ немесе орыс) растайды. 

5. Аттестаттау жарты жылда бір рет өткізіледі. 

6. Аттестаттау мынадай екі кезеңнен: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу; 

2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады. 

7. Уәкілетті орган белгілеген кешенді компьютерлік тестілеудің шекті балын жинаған үміткер кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі. 

8. Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техниканы пайдалана отырып жүргізіледі. 

Тестілеу үшін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданылған жағдайда, кешенді компьютерлік тестілеудің мазмұны біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан автоматты түрде жасалады. 

Уәкілетті орган біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады. 

9. Аттестаттаудың екінші кезеңі үшін практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы өзі дербес қалыптастырады. 

Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды. 

10. Комиссия екінші кезеңнің нәтижелері бойынша үміткердің аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы уәжді шешім шығарады. 

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

Аттестатталғаны туралы шешім шығарылған күнінен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады. 

11. Заңдардың қағаз мәтіндерін пайдалануға болатын аттестаттау жүргізудің екінші кезеңін қоспағанда, аттестаттау жүргізу кезінде үміткердің анықтамалық, арнаулы және басқа да әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына рұқсат берілмейді. 

Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді. 

Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.
Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...98

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Не могу найти в Законе права усыновлённого ребёнка на наследство, при кровных наследниках. ?


Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста


В письменной форме должны совершаться сделки: 

1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота; 

2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении; 

3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон. 


Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда. 

Никто не обязан доказывать свою невиновность. 

Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов. 

Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики. 

Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются. 


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться