Ст. 45 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
45-бап. Адвокаттар көрсететін білікті заң көмегінің түрлері
1. Білікті заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар: 1) құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда да, жазбаша нысанда да консультациялар береді;
2) арыздар, шағымдар, өтінішхаттар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жасайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 08.07.2026 № 343-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысады;
4) қылмыстық сот ісін жүргізуге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысады;
5) медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға клиенттің өкілі ретінде қатысады;
6) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіреді;
7) егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында клиенттің мүдделерін білдіреді;
8) атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде клиенттің өкілі ретінде қатысады;
9) татуластыру рәсімдерін жүргізеді.
2. Адвокаттар Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге білікті заң көмегін де көрсетеді.
3. Көмек сұрап өтініш жасаған тұлға, егер қорғалушы өзіне адвокат таңдамаса немесе таңдай алмаса, адвокаттың қатысуы міндетті қылмыстық істер бойынша адвокат қорғаушы ретінде тағайындалған жағдайларды қоспағанда, адвокат таңдауда еркін болады.
4. Қылмыстық істер бойынша кәсіптік қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 42-бап. Лицензия беруден бас тарту Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 47-бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 43-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 48-бап. Адвокаттар көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей