Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 63 Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы 2018 жылғы 5 маусымдағы № 176-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 17.11.2026

Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы
63-бап. Адвокаттық кеңсе

1. Адвокаттық кеңсе коммерциялық емес ұйым болып табылады.  

2. Адвокаттық кеңсе адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуінің материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады (жасалады).  

3. Адвокаттық кеңсені адвокаттар алқасының мүшесі (мүшелері) құрады (жасайды). Адвокат тек бір ғана адвокаттық кеңсенің әріптесі бола алады.  

4. Адвокаттық кеңсенің әріптестері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал адвокаттық кеңсе өз әріптестерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. 

5. Адвокаттық кеңсе клиенттермен және үшінші тұлғалармен есеп айырысу бойынша және адвокаттық кеңсенің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мәселелер бойынша адвокаттардың өкілдері болып әрекет ете алады. 

6. Адвокаттық кеңсе құрған (жасаған) адвокаттар өздерінің арасында қарапайым жазбаша нысанда әріптестік шарт жасасады. Әріптестік шарт бойынша адвокаттар барлық әріптестердің атынан білікті заң көмегін көрсету үшін өз күш-жігерін біріктіруге міндеттенеді. Әріптестік шарт адвокаттық кеңсені мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылмайды. 

7. Егер әріптестік шартта өзгеше белгіленбесе, адвокаттық кеңсенің жалпы істерін жүргізуді басқарушы әріптес жүзеге асырады. Білікті заң көмегін көрсету туралы шартты адвокаттық кеңсе өз атынан, соған кіретін барлық әріптестердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерінде жасасады. 

8. Бір адвокат құрған (жасаған) адвокаттық кеңсе өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.  

9. Адвокаттық кеңсенің адвокаты адвокаттық кеңсе мемлекеттік тіркелгеннен және (немесе) оған қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы тиісті адвокаттар алқасын жазбаша хабардар етуге және адвокаттық кеңсенің әріптестік құжаттарын оның иелігіне ұсынуға міндетті. 

10. Адвокаттық кеңселердің әріптестері салым ретінде енгізген мүлік адвокаттық кеңсеге меншік құқығында тиесілі болады. 

11. Адвокаттық кеңсе әріптестерінің құрамын өзгерту:  

1) әріптестің шығуы; 

2) жаңа әріптесті қабылдау; 

3) әріптестің адвокаттық қызметті осы Заңда көзделген негіздер бойынша тоқтатуы салдарынан жүзеге асырылуы мүмкін. 

12. Адвокаттық кеңсенің әріптестері: 

1) егер адвокаттық кеңсенің жарғысында өзгеше көзделмесе, адвокаттық кеңседен шыққан не адвокаттық қызметті тоқтатқан кезде өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде адвокаттық кеңсе мүлкінің бір бөлігін немесе осы мүліктің құнын алуға; 

2) адвокаттық кеңсе таратылған жағдайда, оның кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігін өздері адвокаттық кеңсенің меншігіне берген мүлік құны шегінде алуға құқылы. 

13. Адвокаттық кеңселерді құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді. 

Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...61 62 63 64 65 ...98

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсизбе Мен косметолог маган пациентка келып Блефаро операциясыз Жане ерын жасатып алып довольная болып аулна кетеди ремонт уйн жасауга и быр козы жип кузылып маган заявление жазып 421 мын маган салып отр до и после из лягушки в принцессу болган результат маган козы жилы узылып акшамды кайтар Деп коймап еды коррекция жасаймын келыныз десем. Келмей


I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.


я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться