Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы от 5 июля 2008 года N 61-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы
9-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.  

2. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың филиалдары заңды тұлғаның өтінімі бойынша осы Заңға сәйкес аккредиттеледі.  

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар филиалдарының аккредиттеу саласы бөлек бекітіледі.  

3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың сәйкестікті бағалау процесінің әділдігіне және объективтілігіне әсер ететін консультациялық қызмет көрсетуге құқығы жоқ. 

4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті растау жөніндегі қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалай отырып, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар  

1. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

2. Салыстырып тексеру зертханалары (орталықтары) өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс. 

3. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуге тиіс. 

4. Сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханалары (орталықтары) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды және "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабында көзделген салалардағы жұмыстарды орындау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге, қызмет нәтижесінде туындайтын тәуекелдерді бағалауға және қызмет саласындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін олардың қаржылық тұрақтылығы және тиісті ресурстары болуға тиіс. 

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...7‑1 8 9 10 11 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться