Ст. 5 Акционерлiк қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415
Акционерлiк қоғамдар туралы
5-бап. Қоғамның құрылтайшылары
1. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілеттік берілген атқарушы орган акционерлік қоғамның құрылтайшысы болады.
Мемлекеттiк кәсiпорын осы кәсiпорынға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк органның келiсiмiмен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және оның акцияларын сатып алуға құқылы.
3. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін.
4. Қоғамның құрылтайшылары қоғамды құруға байланысты және ол мемлекеттік тіркелгенге дейін туындаған шығыстарды төлеу жөнінде ортақ жауаптылықта болады. Кейіннен мұндай шығыстарды қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мақұлдаған жағдайда ғана аталған шығыстарды қоғам өз құрылтайшыларына өтейді.
5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында қоғам құру "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей