Ст. 10-1 Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау
1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілген ақшаны, жария етілген мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражатты қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің кірісіне, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен кірістерге (бұдан әрі – жария ету субъектісінің кірісі) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісі мүлікті жария ету кезінде қолданылады. 2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда – жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісі жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.
3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшері:
1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнының;
2) арнайы декларацияда көрсетілген ақша сомасының;
3) мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған кіріс мөлшерінің он пайызы мөлшерінде айқындалады.
4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.
5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Салықтық рақымшылық жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
Ескерту. Заң 10-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей