Ст. 10 Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы
10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету
1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.
3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
4) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.
4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.
6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.
Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 400-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей