Ст. 4 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
4-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту
1. Ауыр қылмыстар үшiн сотталған:1) кәмелетке толмағандарға;
2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға;
3) I, ІІ және ІII топтардағы мүгедектерге;
4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердің жесiрлерiне, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдерге;
7) қылмыспен келтірілген залал толық өтелген жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлігінде көзделген экономикалық қызмет саласындағы ауыр қылмыстар үшін сотталғандарға осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің жартысы қысқартылсын.
2. Осы баптың 1-тармағының күші қолданылмайтын, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің төрттен бірі қысқартылсын.
3. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдарға:
1) кәмелетке толмағандарға;
2) жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары немесе мүгедек балалары бар әйелдерге, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдарға;
3) I, ІІ және ІII топтардағы мүгедектерге;
4) елу жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс жастағы және ол жастан асқан ер адамдарға;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға;
6) әскери және (немесе) интернационалдық борышын орындау кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердің жесiрлерiне, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдерге осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жаза мерзімінің өтелмеген бөлiгiнің бестен бірі қысқартылсын.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей