Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 27-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы
5-бап. Рақымшылық жасау қолданылмайтын адамдар

Осы Заңның күші:

1) кәмелетке толмағанның он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған жағдайын қоспағанда, кәмелетке толмағандарға осындай қылмыстар жасаған адамдарға;

2) террористік қылмыстар жасаған адамдарға;

3) экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға;

4) азаптаулар жасаған адамдарға;

5) қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға;

6) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған адамдарға;

7) бұрын рақымшылық жасау немесе кешiрiм жасау қолданылған, қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға;

8) қылмыстық топтар құрамында қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарға;

9) егер қылмыстардың бiріне осы Заңның күші қолданылмайтын болса, қылмыстар жиынтығы болған жағдайда;

10) 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнде (1959 жылғы 22 шілдеден кейін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстар: Отанға опасыздық (50-бап); шпиондық (51-бап); террорлық акт (52-бап); шет мемлекеттiң өкiлiне қарсы террорлық акт (53-бап); диверсия (54-бап); жалдамалылық (62-2-баптың екiншi бөлiгi); бандитизм (63-бап); еңбекпен түзеу мекемелерiнiң жұмысына iрiткi салатын әрекеттер (63-1-баптың екінші бөлігі); қылмыстық топты не қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастыру немесе басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу (63-2-баптың екінші бөлігі); контрабанда (64-баптың екінші бөлігінің б) тармағы, үшінші және төртінші бөліктері); жаппай тәртiпсiздiк (65-бап); жылжымалы темiр жол составын, әуе, теңiз немесе өзен кемелерiн айдап әкету не басып алу (72-1-баптың үшiншi бөлiгi); жасанды ақшаны немесе бағалы қағазды қолдан жасау немесе өткізу (73-бап); тонау (76-1-баптың үшiншi бөлiгi); шабуыл жасап тонау (76-2-баптың үшінші бөлігі); қорқытып алу (76-7-баптың үшiншi бөлiгi); бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (82-бап); қасақана кiсi өлтiру (88-бап); денені ауыр дәрежеде қасақана жарақаттау (93-баптың екінші бөлігі); әйелді зорлау (101-баптың екінші, үшiншi және төртiншi бөлiктерi); адам ұрлау (116-баптың үшінші бөлігі); ішкі істер органдары қызметкерінің, халық жасақшысының, анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе халық заседателінің өміріне қастық әрекет (173-1-бап); бұзақылық (200-баптың екінші бөлігі); атылатын қару-жарақты, оқ-дәрiнi немесе жарылғыш заттарды ұрлау (203-баптың үшiншi бөлiгi); радиоактивті материалдар ұрлау (205-2-бап); есірткі заттарды ұрлау (213-1-баптың екінші және үшінші бөліктері); есірткі заттарды қолдануға азғыру (213-2-баптың екінші бөлігі); есiрткi заттарды заңсыз жасау, алу, сақтау, тасу, жiберу немесе өткiзу (214-баптың бесiншi бөлiгi); көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдары жүрісі қауіпсіздігі және пайдалану ережелерін бұзуы (217-баптың үшінші бөлігі); бағынбау (225-баптың «б» тармағы); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызмет міндеттерін бұзуға зорлау (227-баптың «б» тармағы); бастыққа зорлық әрекеттер жасау (229-баптың «а» тармағы); бір-біріне бағынбайтын әскери қызметшілердің өзара қарым-қатынастың жарғылық ережелерін бұзуы (231-баптың «в» тармағы); дезертирлік (234-баптың «а» және «в» тармақтары); өзінің дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе басқа тәсілмен әскери қызметтен бұлтару (236-баптың «а» тармағы); әскери мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (238-баптың «б» тармағы); қаруды, сондай-ақ айналасындағылар үшін аса қауіп төндіретін заттар мен құралдарды қолдана білу ережесін бұзу (238-1-баптың «б» және «в» тармақтары); машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (239-бап); ұшу немесе оған дайындалу ережесін бұзу (240-бап); кеме жүргізу ережесін бұзу (241-бап); қарауыл қызметінің жарғылық ережелерін бұзу (242-баптың «в» және «г» тармақтары); шекаралық қызметті атқару ережелерін бұзу (243-баптың «в» тармағы); жауынгерлік кезекшілік атқару ережелерін бұзу (244-баптың «в» тармағы); соғыс құпиясын жариялау немесе соғыс құпиясы жазылған құжаттарды жоғалту (246-баптың «в» тармағы) үшін сотталған адамдарға;

11) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде (1997 жылғы 16 шілдеден кейін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтiру (96-бап); абайсызда кісі өлтіру (101-баптың екінші бөлігі); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-баптың екінші және үшінші бөліктері); зорлау (120-баптың екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерi); нәпсiқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері (121-баптың екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерi); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшiншi бөлiгi); адамды саудаға салу (128-баптың екінші, үшiншi және төртінші бөлiктерi); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-баптың екінші, үшінші, төртiншi және бесінші бөлiктерi); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-бап); басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу (156-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру (157-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату (158-бап); соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (159-бап); геноцид (160-бап); экоцид (161-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (162-1-бап); халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (163-бап); әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсілдiк немесе дiни араздықты қоздыру (164-бап); мемлекеттiк опасыздық (165-бап); шпионаж (166-бап); Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнің – Елбасының өмiрiне қол сұғушылық (166-1-бап); Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қастандық жасау (167-бап); билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы (168-баптың бірінші бөлігі); қарулы бүлiк (169-бап); диверсия (171-бап); тонау (178-баптың төртінші бөлiгiнің а) тармағы); қарақшылық (179-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); ерекше құнды заттарды ұрлау (180-баптың екінші бөлігі); қорқытып алушылық (181-баптың үшiншi және төртінші бөлiктерi); автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-баптың үшінші бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-бап); экономикалық контрабанда (209-баптың үшінші бөлігінің б) тармағы); адамды кепілге алу (234-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-бап); қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-1-бап); бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-2-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу (235-3-бап); ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) не трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) қызметін қаржыландыру, сол сияқты мүлікті жинау, сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзірлеу (235-4-бап); заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-баптың бірінші бөлігі); бандитизм (237-бап); үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау (238-бап); әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға түсiру (239-бап); теңiз қарақшылығы (240-бап); жаппай тәртiпсiздiктер (241-бап); сапасыз құрылыс (245-1-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу (246-1-баптың үшінші бөлігі); радиоактивті материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу (248-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы (250-баптың үшiншi және төртінші бөлiктерi); қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (251-баптың екінші және үшiншi бөлiктерi); қаруды заңсыз жасау (252-баптың екінші және үшінші бөліктері); қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап); бұзақылық (257-баптың үшінші бөлігі); есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап); есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап); есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру (261-баптың екінші, үшінші және төртінші бөлiктерi); улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері), есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру (264-бап); темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзу (295-баптың үшінші бөлігі); көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы (296-баптың үшінші бөлігі); көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу (298-баптың төртінші бөлігі); көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру (299-баптың үшінші бөлігі); көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн ережелердi бұзу (300-баптың үшінші бөлігі); магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу (303-баптың үшінші бөлігі); өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап); сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (341-баптың төртінші бөлігі); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); қылмыстық-атқару мекемесi әкiмшiлiгiнiң заңды талаптарына бағынбау (360-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету (368-баптың екінші бөлігі); бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi (369-баптың екінші бөлігі); бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу (370-баптың үшінші бөлігі); қашқындық (373-баптың екінші бөлігі); жауынгерлiк кезекшiлiктi атқарудың ережелерiн бұзу (375-баптың екінші бөлігі); қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық ережелерiн бұзу (377-баптың екінші бөлігі); әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтерi бар құжаттарды жоғалту (386-баптың үшінші бөлігі); айналадағыларға қауiп туғызатын қару-жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселердi ұстау ережелерiн бұзу (390-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргiзу немесе пайдалану ережелерiн бұзу (391-баптың үшінші бөлігі); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (392-бап); кеме жүргiзу ережелерiн бұзу (393-бап) үшін сотталған адамдарға;

12) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде (2014 жылғы 3 шілдеден кейін осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) көзделген мынадай қылмыстар: адам өлтiру (99-бап); абайсызда қазаға ұшырату (104-баптың екінші бөлігі); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (106-баптың екінші және үшінші бөліктері); қауiптi жағдайда қалдыру (119-баптың төртінші бөлігі); зорлау (120-баптың екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерi); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-баптың екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерi); адамды ұрлау (125-бап); бас бостандығынан заңсыз айыру (126-баптың үшiншi бөлiгі); адам саудасы (128-баптың екінші, үшiншi және төртінші бөлiктерi); кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері); кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (134-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); кәмелетке толмағандар саудасы (135-бап); еңбектi қорғау қағидаларын бұзу (156-баптың төртінші бөлігі); басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, тұтандыру немесе жүргiзу (160-бап); басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу немесе жария түрде шақыру (161-бап); жаппай қырып-жою қаруын өндiру, иемдену немесе өткізу (162-бап); соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану (163-бап); соғыс заңдары мен дәстүрлерін бұзу (164-бап); қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзушылықтар (165-бап); қарулы қақтығыс уақытындағы әрекетсіздік не қылмыстық бұйрық беру (166-бап); геноцид (168-бап); экоцид (169-бап); шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу (172-бап); мемлекетке опасыздық жасау (175-бап); тыңшылық (176-бап); тонау (191-баптың төртінші бөлiгi); қарақшылық (192-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру (193-баптың екінші және үшінші бөліктері); қорқытып алу (194-баптың үшiншi және төртінші бөлiктерi); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру (202-баптың үшінші бөлігі); ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою немесе бүлдіру (203-бап); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу (231-бап); ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап); қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап); трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап); трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап); қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу (266-баптың бірінші және үшінші бөліктері); заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-баптың бірінші бөлігі); бандитизм (268-бап); теңiз қарақшылығы (271-баптың үшінші бөлігі); жаппай тәртiпсiздiк (272-бап); көрінеу жалған ақпарат тарату (274-баптың төртінші бөлігі); тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу (277-баптың үшінші бөлігі); сапасыз салынған құрылыс (278-баптың үшінші бөлігі); сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу (279-баптың екінші бөлігі); сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау (280-баптың екінші бөлігі); жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу (281-баптың үшінші бөлігі); ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу (282-баптың үшінші бөлігі); радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу (283-баптың үшінші бөлігі); радиоактивтi заттарды, радиоактивті қалдықтарды немесе ядролық материалдарды жымқыру не қорқытып алу (284-баптың екінші және үшінші бөліктері); айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы (286-баптың екінші және төртінші бөлiктерi); қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-баптың төртінші бөлiгі); қаруды заңсыз жасау (288-баптың екінші бөлігі); қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу (291-бап); өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу (292-баптың үшінші бөлігі); бұзақылық (293-баптың үшінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу (296-баптың төртінші бөлігі); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу (297-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу (298-бап); есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру (299-баптың екінші, үшінші және төртінші бөлiктерi); улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (301-баптың екінші және үшінші бөліктері); санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу (304-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды дайындау және олардың айналымы не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту (312-баптың екінші және үшінші бөліктері); медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (317-баптың төртінші бөлігі); заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау (322-баптың төртінші бөлігі); шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу (324-баптың екінші бөлігі); экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу (325-баптың үшінші бөлігі); микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе уытты заттармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу (326-баптың үшінші бөлігі); суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу (328-баптың үшінші бөлігі); атмосфераны ластау (329-баптың екінші бөлігі); теңіз ортасын ластау (330-баптың екінші бөлігі); жерді бүлдіру (332-баптың екінші бөлігі); жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу (333-баптың екінші бөлігі); экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау (343-баптың үшінші бөлігі); темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу (344-баптың үшінші бөлігі); көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-баптың төртінші бөлігі); көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру (346-баптың бесінші бөлігі); көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару (348-баптың төртінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беру (349-баптың төртінші бөлігі); көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру (350-баптың үшінші бөлігі); көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу (351-баптың үшінші бөлігі); көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу (353-баптың төртінші бөлігі); магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу (354-баптың төртінші бөлігі); құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату (355-баптың үшінші бөлігінің 4) тармағы); алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру (358-баптың бесінші бөлігі); басқаруға құқығы жоқ адамның әуе, теңіз немесе өзен кемесін басқаруына жол беру (359-баптың төртінші бөлігі); билік өкiлiне қатысты күш қолдану (380-баптың екінші бөлігі); сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу (408-бап); сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (409-баптың төртінші бөлігі); көрінеу жалған сөз жеткізу (419-баптың үшінші және төртінші бөліктері); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу (422-баптың үшінші және төртінші бөліктері); мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (424-баптың екінші бөлігі); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-бап); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (437-баптың төртінші бөлігі); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу (438-баптың екінші және үшінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi (439-баптың екінші және үшінші бөліктері); әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (441-баптың төртінші бөлігі); қашқындық (442-баптың екінші және үшінші бөліктері); әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту (443-баптың екінші бөлігі); жауынгерлiк кезекшiлiктi атқару қағидаларын бұзу (444-баптың екінші бөлігі); қарауыл (вахта) қызметiн атқарудың жарғылық қағидаларын бұзу (446-баптың екінші бөлігі); қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу (449-баптың үшінші бөлігі); әскери сипаттағы құпия мәлiметтердi жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәлiметтер жеткізгіштерді жоғалту (458-баптың үшінші және төртінші бөліктері); әскери мүлiктi қасақана жою немесе бүлдiру (459-баптың үшінші бөлігі); қару-жарақпен, сондай-ақ айналадағыларға қауiп төндіретін заттармен және нәрселермен жұмыс істеу қағидаларын бұзу (462-баптың үшінші бөлігі); машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу (463-баптың төртінші бөлігі); ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу (464-бап); корабль жүргiзу қағидаларын бұзу (465-бап); адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде машиналарды жүргізуі, корабльдерді жүргізуі, әскери ұшу аппаратын басқаруы, әскери техниканы осындай адамның жүргізуіне немесе басқаруына беру не жүргізуіне немесе басқаруына жол беру (466-баптың бесінші бөлігі) үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...12

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться