Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Демпингке қарсы шаралар туралы


Утратил силу

Демпингке қарсы шаралар туралы
1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) демпингке қарсы баж - демпингтiк тауар импортына салынатын кеден бажының ставкасынан тыс белгiленетiн баж; 2) демпингке қарсы iстi қарау - егер бұлайша сату ұқсас тауарды отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiрсе немесе оны келтiру қаупiн төндiрсе, өзiнiң қалыпты құнынан төмен баға бойынша сатылатын тауар беру жөнiндегi құжаттарды қарау рәсiмi; 3) демпингке қарсы шаралар - демпингтiк тауар импортына ұқсас тауарларды отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiрудi немесе оны келтiру қаупiн жою үшiн демпингке қарсы уақытша шаралар, демпингке қарсы баж немесе баға мiндеттемелерi нысанында қолданылатын әкiмшiлiк-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы; 4) демпингке қарсы уақытша шаралар - демпингке қарсы iстi жүргiзу процесiнде Қазақстан Республикасы банкiнiң кепiлдiк берiлген ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi түрiнде демпингтiк тауар импортына қолданылатын демпингке қарсы алдын ала шаралар; 5) өзара тәуелдi тараптар - жорамалдап алғанда демпинг нысанасы болып табылатын тауарды берушiлерге байланысты немесе өздерi берушiлер болып табылатын өндiрушiлер немесе сатып алушылар (мәмiлеге қатысушылар). Араларындағы қатынастар өз қызметiнiң немесе өздерi өкiлдерi болып табылатын тұлғалар қызметiнiң жағдайларына немесе экономикалық нәтижелерiне тiкелей ықпал етуi мүмкiн жеке адамдар және (немесе) заңды тұлғалар өзара тәуелдi деп танылады, атап айтқанда:

бiр адам басқа адамның мүлкiне қатысады және мұндай қатысу үлесi 33 проценттен астам болады;

адамдар Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарына сәйкес некелiк қатынастарда немесе туыстық немесе жекжаттық, асырап алушы және асырап алынушы, сондай-ақ қамқоршы және қорғаншылық қатынастарда болады; 6) демпинг - Қазақстан Республикасының аумағына өзiнiң қалыпты құнынан төмен бағамен сатылатын тауар жеткiзу; 7) мүдделi тұлғалар - iстi қарау объектiсi болып табылатын ұқсас тауарды отандық өндiрушi не қатысушыларының көпшiлiгi сондай тауар өндiретiн отандық өндiрушiлер бiрлестiгi;

iстi қарау объектiсi болып табылатын тауарды шетелдiк экспорттаушы мен тауарды шетелдiк өндiрушi;

отандық тауар импорттаушы немесе қатысушыларының көпшiлiгi сондай тауарды импорттаушы болып табылатын отандық импорттаушылар бiрлестiгi;

шет мемлекеттiң үкiметi, тауар шығарылған немесе сондай тауарды экспорттайтын елдiң уәкiлеттi органы не осындай тауарды шығаратын немесе оны экспорттайтын елдер кiретiн шет мемлекеттер одағының уәкiлеттi органы;

тауарды тұтынушы немесе тұтынушылар бiрлестiгi;

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен уәкiлеттi органы;

құқықтары мен мүдделерi белгiлi бiр iстi қарағанда қозғалатын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкiлеттi органның пiкiрiнше, сол iстi қарауды өткiзуге жәрдемдесуге қабiлеттi өзге де тұлғалар; 8) құпия ақпарат ашылған жағдайда бәсекелестер үшiн едәуiр артықшылықтар беретiн немесе ақпаратты берген мүдделi тұлғалар үшiн едәуiр қолайсыз зардаптары болатын ақпарат; 9) материалдық залал - демпингтiк баға бойынша тауар беруден отандық өндiрушiлер шегетiн нақты зиян және (немесе) алынбаған кiрiс (алынбай қалған пайда); 10) қалыпты құн - дағдылы сауда операциялары процесiнде өндiрушi және (немесе) экспорттаушы елге демпингке қарсы iстi қарау нысанасы болып табылатын тауарға ұқсас тауарды сату кезiнде нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға; 11) дағдылы сауда операциялары - тауарды экспорттаушы елде тұтыну кезiнде осыған ұқсас тауарға белгiленетiн нарықтық бағамен сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелер; 12) отандық өндiрушiлер - өндiрiстiң жинақталған көлемi Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлетiн осындай тауардың негiзгi бөлiгiн құрайтын ұқсас тауарды қазақстандық өндiрушiлер; 13) ұқсас тауар - жұмыс iстеу мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары жағынан және басқа да негiзгi қасиеттерi жағынан басқа тауармен толық бiрдейленген немесе салыстыруға болатын тауар; 14) өнiм берушi - демпингтiк тауарды шетелдiк өндiрушi және (немесе) экспорттаушы; 15) аймақтық өндiрушiлер - аймақтық рыноктағы отандық ұқсас тауар өндiрушiлердiң жиынтығы, олар мынадай шарттарға сай келедi:

өндiрушiлер өзiнiң барлық тауарын немесе оның негiзгi бөлiгiн сол рынок iшiнде сатады; бөлiгiн

өндiрушiлер ұқсас тауарды бұл аймаққа беретiн бiрден-бiр өндiрушiлер болып табылады; 16) аймақтық рынок - Қазақстанның жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң рыногы; 17) материалдық залал қаупi - залал келтiру мүмкiндiгi туралы субъективтi пiкiрлердi болдырмау мақсатымен нақты дәлелдемелер арқылы расталған материалдық залалдың анық болмай қоймайтындығы; 18) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингiн жүзеге асыратын, демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуын және демпингке қарсы шаралар енгiзу қажеттiгiн анықтау бойынша демпингке қарсы iс қарауды жүргiзетiн мемлекеттiк органы; 19) экспорттық баға - өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан тауар үшiн iс-жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi баға. Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.

Статья 1 2 3 ...43

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться