Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Төрелік туралы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 488-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Төрелік туралы
45-бап. Төрелік шешімді қабылдау

1. Төрелік iстiң мән-жайы зерттелгеннен кейiн төрелік құрамына кiретiн төрешілердің көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. 

Егер регламентте өзгеше көзделмесе, шешім төрелік отырысында жарияланады. Төрелік шешiмнiң тек қарарлық бөлiгiн жариялауға құқылы. Мұндай жағдайда, егер регламентте немесе тараптардың келісімінде өзгеше мерзім белгіленбесе, шешiмнiң қарарлық бөлiгi жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде тараптарға уәжді шешiм жiберiлуге тиiс. 

Төрелік мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң шешiмiмен келiспеген төреші өзiнiң айрықша пiкiрiн жазып беруге құқылы, ол шешiмге қоса тiркеледi. Тараптар төрешінің айрықша пiкiрiмен танысуға құқылы. 

2. Төрелік, егер оны қажет деп таныса, шешiм қабылдауды кейiнге қалдыруға және тараптарды қосымша отырысқа шақыруға құқылы. 

3. Төрелік шешiм төреліктің талқылау орнында қабылданған болып есептеледi және оған төреші (төрешілер) қол қойған күнi күшiне енедi. 

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...60

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться