Ст. 31-4 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
31-4-бап. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау
1. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік бақылау "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нысанында жүзеге асырылады. Тексеру сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісі туралы, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған мәліметтерді мониторингтеу арқылы тұрақты негізде жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша автоматтандырылған тізілім:
1) хабарламаның жасалған күні мен нөмірін;
2) мемлекеттік органның атауын;
3) бақылау мен қадағалаудың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісінің (объектісінің) атауын, оның орналасқан жерін;
4) анықталған бұзушылықтарды және оларды жою туралы талаптарды орындау мерзімі көрсетілген талаптарды;
5) лауазымды адамның қолтаңбасын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны қалыптастырады және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне жібереді.
3. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
Рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру түріндегі жедел ден қою шарасын орындамағаны үшін жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарын бір жыл ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне осы Заңның 31-3-бабына сәйкес рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны қайтарып алу) түріндегі жедел ден қою шаралары қолданылады.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама және жедел ден қою шараларын автоматты режимде қолдану туралы қаулы автоматтандырылған тізілім арқылы қалыптастырылады және пайдаланушының "электрондық үкімет" веб-порталындағы және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттық жүйедегі жеке кабинеттеріне жіберіледі.
Ескерту. 31-4-баппен толықтырылды – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей