Ст. 64-4 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы
64-4-бап. Мемлекеттік монополияға жатқызылған сараптама қызметі
1. Мемлекеттiк монополияға: 1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) мыналар:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешендi сараптама жатады.
2. Мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.
Азаматтық істер, қылмыстық істер, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде мемлекеттік монополияға жатқызылатын қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысына қатысты тиісінше Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен сот сараптамасы жүргізілуі мүмкін.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызметке "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жобаларына қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйені жүргізу жатқызылады.
3. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың объектілеріне қолданылмайды.
Ескерту. 64-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей