Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Автомобиль көлiгi туралы
45-бап. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушыларға, жүргiзушiлерге және автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

1. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыратын тасымалдаушылар халықаралық талаптарға сай келетiн, өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiлерi бар автокөлiк құралдарын пайдалануға тиiс. 

Белгiленген талап тiркемелер мен жартылай тiркемелерге қолданылмайды. 

2. Халықаралық автомобиль тасымалдауларын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерi Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбегі мен тынығуы режимiн сақтауға мiндеттi. 

3. Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдаулар уәкілетті орган беретін автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету туралы куәліктің және автокөлік құралдарына рұқсат ету карточкасының негізінде жүзеге асырылады. Тасымалдаушыға қойылатын талаптар Жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында белгіленеді. 

4. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган беретін Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидасында белгіленген талаптарға олардың сәйкестігі туралы куәлік болуға тиіс. 

5. Шет мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында межелі пунктпен халықаралық жүк тасымалын жүзеге асырған кезде сәйкестендіру құралдары пайдаланыла отырып өткізіледі. 

Сәйкестендіру құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасына немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекетке халықаралық автомобиль тасымалдары Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүзеге асырылған кезде мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасында автокөлік құралдарының жүк бөліктерін электрондық сәйкестендіргіштермен (навигациялық пломбалармен) пломбалайды. 

Электрондық сәйкестендіргіштердің (навигациялық пломбалардың) сақталуын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылар қамтамасыз етеді. 

Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 348-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-тарау. Автомобиль көлігіндегі жауапкершілік

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...55

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться