Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Автомобиль жолдары туралы 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Автомобиль жолдары туралы
8-бап. Жол бойындағы белдеулер

1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.  

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.  

Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.  

3. Жол қызметi мен жол бойындағы сервис объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының жол бойындағы белдеуінде ғимараттар мен құрылысжайлар салуға тыйым салынады. Жол бойындағы сервис объектілерін салу ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Жол бойындағы сервис объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган Ұлттық оператормен келісу бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды. 

Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады. 

5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.  

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10. № 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...30

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться