Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
16-бап. Энергия аудиті

1. Алып тасталды – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Энергия аудиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде, өтініш білдірген тұлғаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

3. Энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды жасалады. 

Нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша техникалық есеп жасалады. 

3-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүргізілген энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды алынған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді және бекітіледі. 

4. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді. 

4-1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері бір мезгілде мынадай шарттар сақталған: 

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытынды болған; 

2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен соңғы бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде энергия үнемдеу әлеуетіне қол жеткізген және (немесе) олардың өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды бес жыл ішінде кемінде бес пайыз көлемінде төмендеткен; 

3) энергия менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған кезде, міндетті энергия аудитінің орнына экспресс-энергия аудитін жүргізуге құқылы. 

5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап төрт жыл ішінде, ал ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратындар алты жыл ішінде энергия аудитін жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды алуға міндетті. 

5-1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Энергия-аудиторлық ұйымдарға: 

осы энергия-аудиторлық ұйым немесе осы энергия аудитін жүзеге асыратын оның жұмыскерлері (энергия аудиторлары) қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге; 

энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының (немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); 

энергия аудитін жүзеге асыратын, аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері бар жұмыскерлерге (энергия аудиторларына); 

энергия аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерін қоспағанда, егер ұйымдардың аудиттелетін субъект алдында немесе аудиттелетін субъектінің ұйымдар алдында ақшалай міндеттемелері бар болса, энергия аудитін жүргізуге тыйым салынады. 

7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері мынадай: 

1) жылына бір мың бес жүз тоннадан аз шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынған; 

2) балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісі (объектілері) болмаған; 

3) энергетикалық ресурстарды көлік құралдарын пайдалану мақсатында ғана тұтынған; 

4) егер тарихи-мәдени мұра объектісі немесе ғибадат үйі, құрылысы және құрылысжайы болып табылған жағдайларда, міндетті энергия аудитін жүргізбейді. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 407-V (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау

Статья 1 ...14‑1 15 16 17 18 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться