Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру тәртiбiн айқындайды;

5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекітеді;

6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;

6-3) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;

6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;

6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;

6-8) жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;

6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;

6-12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;

6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;

6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;

6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

6-16) мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6-17) жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілейді;

7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;

8) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;

10) энергия тиімділігі картасын қалыптастыруды, жүргізуді және іске асыруды, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізуді үйлестіреді;

11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

12) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12-1) энергия аудиторына кандидаттарды аттестаттауды жүргізеді;

13) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-2) энергия аудиторларының тізілімін жүргізеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-3) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-3) энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды;

13-4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

13-5) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13-6) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекітеді;

13-7) үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды энергия тиімділігі бойынша таңбалау нысанын бекітеді;

14) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

15) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15-1) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

15-2) құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;

16) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде орталық уәкілетті органдар ұсынатын есептерге талдау жүргізеді;

16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;

16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16-3) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

16-4) мемлекеттік сатып алуды және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;

16-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік сатып алу және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мониторингін жүргізеді;

17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді әзірлейді және бекітеді;

17-1) энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекітеді;

17-2) энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін айқындайды;

17-3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыларға талдау жүргізу тәртібін айқындайды;

18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

19) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...24

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться