Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13-1 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ақпараттандыру туралы
13-1-бап. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі

1. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 

2. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің функцияларына мыналар жатады: 

1) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету; 

2) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету; 

3) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету; 

4) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;  

5) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;  

6) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;  

7) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;  

8) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларды тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру; 

9) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау; 

10) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қиылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету; 

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру. 

3. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің өз бюджеті бар, ол мыналардан қалыптасады: 

1) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар; 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер); 

3) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне енгізетін алымдар мен төлемдер; 

4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер. 

4. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес осы баптың 2-тармағында айқындалған өз функцияларын орындауға арналған, осы баптың 12-тармағында айқындалған "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыру, инвестициялық қорлар құру немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысу, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін дамыту жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма алуға құқылы. 

5. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қызметін, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылған мүлікті пайдаланады. 

6. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына сәйкес "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тізбесіне өздері қосқан заңды тұлғалар "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылады. 

"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға қойылатын талаптар "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларымен белгіленеді. 

7. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларына келгеннен кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып кіру визасын алады. 

8. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың жұмыскерлері немесе "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің жұмыскерлері болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және олардың отбасыларының мүшелері (жұбайы (зайыбы) және олардың жасы он сегізге толмаған балалары) қолданылу мерзімі бес жылға дейінгі кіру визасын алады. 

9. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдардың визаларының қолданылу мерзімін "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің өтінішхаты бойынша ұзарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шықпай жүзеге асырылуы мүмкін. 

10. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі мен оған қатысушыларда әрбір тартылған жұмыскер бойынша олардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы және олар құжаттарды сақтауға міндетті, ал тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ол құжаттарды "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне немесе оған қатысушыларға ұсынуға міндетті. 

11. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі өзі және оған қатысушылар тартқан шетелдік жұмыс күшінің есебін жүргізеді. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтер халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылады. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын мәліметтердің құрамын, мерзімділігі мен олардың ұсынылу тәртібін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісе отырып, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

12. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады және инвестициялық қорлар құрады немесе инвестициялық қорларға үлестік қатысады. 

Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...12 13 13‑1 13‑2 14 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться