Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 34 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

Ақпараттандыру туралы
34-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

1. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтерді көрсету мақсатында қалыптастырылады. 

1-1. Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру шеңберінде электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған деректерді басқару және оларды іске асырудан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөнiндегi қызметi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 

3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншiк иесi немесе иеленушісі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi сақтай отырып, еркiн пайдалануға және таратуға құқылы. 

4. Пайдаланушының электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалануы мен таратуы электрондық ақпараттық ресурстардың және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

5. Алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Электрондық құжаттар цифрлық құжаттар сервисінде мемлекеттік органдар жүйелерінің не өзге де ақпараттық жүйелердің мәліметтері негізінде қалыптастырылады. 

7. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарды көрсетуге сұрау салу және сұрау салуды өңдеу нәтижелерін алу ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалана отырып жүзеге асырылады. 

8. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжаттарға үшінші тұлғалардың қол жеткізуі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пайдаланушының келісуімен жүзеге асырылады. 

Көрсетілетін төлем және қаржы қызметтерін алған кезде жеке басты куәландыратын құжаттарды жеке тұлғалар жеке жүгінген кезде (олардың көзінше) цифрлық құжаттар сервисі арқылы қаржы және төлем ұйымдары пайдаланады және оларға ұсынылады. 

Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...33 33‑1 34 35 36 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться