Ст. 57 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
57-бап. Кепiлге салынған мүлiктен өндiрiп алу
1. Борышкердің өзіне қойылған, кепiлмен қамтамасыз етiлмеген барлық талаптарды толық қанағаттандыруы үшiн басқа да мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда кепiл ұстаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген құқықтары сақтала отырып, кепiлге салынған мүлiктен өндiрiп алу жүргiзiлуi мүмкiн. 2. Борышкерде кепілге салынбаған мүлкі жеткіліксіз болған кезде борышкердің мүлкіне кепіл құқығы жоқ өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін, қамтамасыз етілген облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлікті және ипотекалық тұрғын үй қарызы міндеттемесі бойынша қамтамасыз ету болып табылатын жылжымайтын мүлікті қоспағанда, кепілге салынған мүлікке өндіріп алу сот ұйғарымы негізінде талаптары кепіл ұстаушының талабынан басым болатын, кепіл ұстаушылар болып табылмайтын өндіріп алушылардың мүдделеріне қолданылуы мүмкін. Өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану туралы сот ұйғарымы кепіл ұстаушыны, өндіріп алушыны және борышкерді сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар ете отырып, сот орындаушысының өтініші бойынша сот отырысында шығарылады. Мүлікті өткізу кепілге салынған мүлікті өткізу қағидалары бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда талаптар осы Заңның 110-112-баптарында белгіленген кезектілік тәртібімен өткізілген мүліктің құнынан қанағаттандырылады.
Кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті өзінде қалдыру туралы мәлімдеуге құқылы. Бұл жағдайда ол кепілге салынған мүліктің өтімді (бағалау құнының жетпіс пайызынан аспайтын) құны шегінде кепіл ұстаушының талаптары алдында артықшылығы бар өндіріп алушылардың талаптарын кепіл ұстаушының кепіл бойынша өзінің барлық талабын толық қанағаттандыру үшін қажетті мүлік құнынан асатын құн мөлшерінде қанағаттандыруға міндетті.
3. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 30
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего

London
Всего

Всего
Новые комментарии на сайте
Гость
19.02.25 21:28:31
Гость
19.02.25 21:14:06
Гость
19.02.25 21:12:09
Гость
16.02.25 21:29:46
Гость
16.02.25 21:27:54
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей