Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 106 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
106-бап. Авиациялық қауіпсіздік қызметтері

1. Әуежайдың және тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің өз құрылымында тиісті қажетті техникалық құралдармен және кадр құрамымен жасақталған, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік қызметі болуға тиіс. 

Авиациялық жұмыстарды және тұрақты емес әуемен тасымалдауды орындайтын пайдаланушының өз құрылымында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамы болуға тиіс. 

1-1. Әуежайлар мен авиакомпаниялардың авиациялық қауіпсіздік қызметтері қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік қару мен оның оқ-дәрілерін қолдануға, сақтауға және алып жүруге құқығы бар. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына тікелей бағынатын және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша тағайындалатын орынбасары (аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысын қоспағанда) болып табылатын, авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес тиісті оқудан өткен және жұмысқа жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматы тиісінше әуежайдың, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы бола алады. 

Қазақстан Республикасының Президентін және күзетілетін өзге де адамдарды тасымалдауды жүзеге асыратын авиакомпанияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіле отырып тағайындалады. 

Пайдаланушының бірінші басшысына тікелей бағынатын, ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімі бойынша тағайындалатын Қазақстан Республикасының азаматы ғана тұрақты емес әуемен тасымалдауды және авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамы бола алады. 

3. Авиациялық қауіпсіздік үшін дербес жауаптылық: 

1) әуежайды пайдаланушы болып табылатын ұйымның бірінші басшысына және оның орынбасарына – әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына; 

2) тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның бірінші басшысына және оның орынбасарына – авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына; 

3) тұрақты емес әуемен тасымалдауды және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындайтын әуе кемелерін пайдаланушының бірінші басшысына және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты адамына; 

4) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларға жататын әуе кемесінің иесіне; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші органның бірінші басшысына және оның авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысына жүктеледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің жұмысы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарымен олардың құзіретіне сәйкес өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады. 

5. Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жұмысқа алу кезінде заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды. 

Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 N 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться