Ст. 51 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV
Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
51-бап. Әуе кемесiн жалдау
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы. Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.
1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы пайдаланушысының шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның рұқсаты бойынша мынадай (шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды қоспағанда): саны бес әуе кемесінен аспайтын паркі бар жалға алушы үшін – бір әуе кемесінен аспайтын және саны бес әуе кемесінен асатын паркі бар жалға алушы үшін – тұрақты және тұрақты емес ұшуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын жалпы әуе кемелері паркінің жиырма пайызынан аспайтын пропорцияда және жалға алушы пайдаланушысының сертификатына енгізбей, бір жылдың ішінде екі айдан аспайтын мерзімге жол беріледі. Жалға алынатын әуе кемесінің жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділігі жалға алушының әуе кемелерінің жолаушылар сыйымдылығымен және жүк көтерімділігімен салыстырмалы түрде бірдей болуға тиіс.
Бұл ретте жалға алушы рейсті іс жүзінде қай тасымалдаушының орындайтыны жөнінде жолаушыларды хабардар етуге тиіс.
Шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға Қазақстан Республикасы пайдаланушысына мынадай:
1) көрсетілген жалға алу мерзімі басталған кезге Қазақстан Республикасының пайдаланушысы әуе тасымалдаушысы қызметін кемінде он жыл жүзеге асырған;
2) жүк таситын әуе кемесін пайдаланушыны артықшылықпен иелену және нақты бақылау Қазақстан Республикасына немесе оның азаматтарына тиесілі болған;
3) Қазақстан Республикасының пайдаланушысы шет мемлекеттің пайдаланушысына тиесілі, тек қана жүктерді тасымалдауға пайдаланылатын әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуды бұрын жүзеге асырмаған;
4) жалға алынатын әуе кемесін жалпы пайдалану мерзімі отыз жылдан аспаған шарттар сақталған жағдайда, әуе кемесін экипажымен қоса жалға алу туралы шарт жасасқан кезден бастап үш жыл бойына рұқсат етіледі.
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкессіздік анықталған, жалға алушының немесе жалға берушінің тарапынан тиімді пайдаланушылық бақылау не пайдаланушының сертификатын және жалға алынатын әуе кемесіне арналған ұшуға жарамдылық сертификатын берген мемлекеттің тарапынан қадағалау болмаған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының пайдаланушысына әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуға бұрын берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
2. Шетелдік жалға алушының Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не оның пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымы болып табылатын жалға алынған әуе кемесінде ұрыс қимылдары, қарулы қақтығыстар аймағында ұшуды орындауына және қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, әскери құралымдарды тасымалдауға байланысты ұшуды орындауына тыйым салынады.
3. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 51-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей