Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану

Ескерту. 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары, егер олар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы мүмкін және көрсетілген авиациялық қағидаларда көзделген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарында жазылған талаптардан төмен болмауға тиіс. 

Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін. 

Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы. 

3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.05.2017 № 64-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 7 7‑1 8 ...111

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться