Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
12-бап. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету

Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз ету Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарды бөліп отыру, Қазақстан Республикасының қорғанысын кепiлдi қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде оларды қару-жарақпен, әскери және арнаулы техникамен жарақтандыру болып табылады.  

2. Қорғанысты экономикалық жағынан қамтамасыз етудiң негізгі мiндеттерi:  

1) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ресурстарға қажеттіліктерiн қанағаттандыру;  

2) қару-жарақ пен әскери техниканы өндiрудi, жөндеудi және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін ғылыми-техникалық және өндiрiстік базаны жетілдiру;  

3) экономиканың жұмылдыру даярлығы мен елдің халқын жұмылдыруға даярлаудың тиiмдi жүйелерiн құру;  

4) әскери қызметшілердi, олардың отбасы мүшелерiн және әскери қызметтен босатылған адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру деңгейiн арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген кепілдiктерiн iске асыру;  

5) өзара тиiмдi халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру. 

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.06.2020 № 344-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...34

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться