Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы 2019 жылғы 18 наурыздағы № 236-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
27-бап. Әскери өкілдіктердің міндеттері мен функциялары

1. Әскери өкілдіктер мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын ұйымдарда орналастырылады. 

Ұйымдарда әскери өкілдікті орналастыру қажеттілігі қару-жарақты, әскери, автомобиль және арнайы техниканы, техникалық және арнайы құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және жаңғырту ерекшеліктері, аспаптар мен жабдықтардың жоғары дәлдігін, арнайы киім-кешек, арнайы мүлік және жеке қорғану құралдары сенімділігінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып, сондай-ақ халықаралық шарттарды және Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау кезінде айқындалады. 

2. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) беруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы мен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушы арасында жасалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттар әскери өкілдіктердің әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу жөніндегі қызметті ұйымдастыруы және жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады. 

Әскери өкілдіктер осы шарттардың негізінде әскери өкілдіктің бақылауына және қабылдап алуына жататын әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер номенклатурасын әзірлейді, оны уәкілетті орган немесе мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушы бекітеді. 

3. Әскери өкілдіктерге: 

1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындауға және келісуге қатысу;  

2) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жинақталымын, олардың техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптарына сәйкестігін тексеру; 

3) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартта көзделген мерзімдерде қабылдап алу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын растайтын куәлікті беру;  

4) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің техникалық құжаттамасын, тактикалық-техникалық тапсырмасын (техникалық өзіндік ерекшелігін, тактикалық-техникалық сипаттамаларын) пысықтауды бақылау, олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігін тексеру; 

5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау шеңберінде бюджет қаражаты есебінен құрылған немесе сатып алынған материалдық құндылықтарды есепке алуды жүргізу; 

6) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу және өндіру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету жөніндегі ұлттық стандарттарды сақтауын бақылау;  

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеу, өндіру, жөндеу, жаңғырту, сынау және беру, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және бағалауға қатысуы; 

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес тікелей де, кооперация тәртібімен де әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) әзірлеуге және өндіруге, әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауға және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуге жатқызылған іс жүзіндегі шығындарды тексеру және келісу жөніндегі міндеттер жүктеледі. 

4. Әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және оларды қабылдап алу кезінде әскери өкілдіктер: 

1) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), олардың агрегаттарын, тораптары мен бөлшектерін өндіру сапасына және оларға сынақтар жүргізуге, сондай-ақ жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға; 

2) әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасына, сынақтардың жүргізілуіне, сондай-ақ олардың ұлттық стандарттардың, техникалық құжаттаманың, тактикалық-техникалық тапсырманың (техникалық өзіндік ерекшеліктің, тактикалық-техникалық сипаттаманың) талаптарына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыруға; 

3) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) қабылдау-тапсыру сынақтарын жүргізуге қатысуға; 

4) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге) мерзімдік, біліктілік, үлгілік сынақтар жүргізуге қатысуға және олардың нәтижелері бойынша қорытындылар беруге; 

5) өндіру, сынау және пайдалану нәтижелері бойынша әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сенімділігіне талдау жүргізуге қатысуға; 

6) әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің) сапасы мен сенімділігіне, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың қабылданған әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сақтау шарттарын сақтауына және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге байланысты мәселелер бойынша шешімдердің орындалуын бақылауға; 

7) әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) өндірудің метрологиялық қамтамасыз етілуін, әскери мақсаттағы жұмыстардың орындалуын және әскери мақсаттағы қызметтердің көрсетілуін, сондай-ақ ұлттық стандарттардың енгізілуін және сақталуын бақылауға; 

8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе тауардың (өнімнің) сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған, оны сынаулардың теріс нәтижелері болған, пайдалану процесінде тауардың (өнімнің) істен шығуын туындатқан ақаулар анықталған кезде, егер бұл ақаулар өндірістегі тауарда да (өнімде де) болса, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) қабылдап алуды және тиеуді тоқтата тұруға; 

9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың талаптары немесе жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шешімдер орындалмаған кезде әскери мақсаттағы жұмыстарды орындауды және әскери мақсаттағы қызметтерді көрсетуді тоқтата тұруға міндетті. 

5. Өндірісі аяқталмаған, жинақталмаған, белгіленген сынақтар жүргізілмеген және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарт талаптарына басқа да сәйкессіздіктері бар әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) түпкілікті қабылдап алу туралы куәлікті немесе басқа да құжатты беруге тыйым салынады. 

6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне қолданылмайды. 

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.10.2023 № 33-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться