Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 59-1 Бiлiм туралы № 319-III от 27.07.2007 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

Бiлiм туралы
59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. 

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: 

1) мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру және тарату; 

2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; 

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау қажеттілігіне өңірдің сұранысын айқындау;  

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту және орналастыру; 

7) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту; 

8) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

9) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру; 

10) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдесу; 

11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жыл сайын уақтылы сатып алу және жеткізу; 

12) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді уақтылы сатып алуды және жеткізуді жыл сайын ұйымдастыру; 

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету; 

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, өткізу тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;  

16) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау; 

17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;  

18) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау; 

19) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау; 

20) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету; 

22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету; 

23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру; 

24) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру; 

25) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке және шарттарға сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

26) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған және арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру; 

27) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 

28) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізілуі; 

29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету. 

3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету;  

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жәрдем көрсету;  

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату; 

4) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру; 

5) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту; 

7) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

8) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған нормаларға сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру; 

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тәртібін сақтау;  

11) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сәйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібін сақтау; 

12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін сақтау;  

13) Қазақстан Республикасының педагог мәртебесі туралы заңнамасын сақтау; 

14) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тәртібін сақтау; 

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету; 

16) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру; 

17) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен білім беру мониторингінің болуы және жүргізу; 

18) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық және аудандық деңгейлерде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;  

20) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру.  

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына (бұдан әрі – бақылау субъектілері) қатысты мемлекеттік бақылауды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нысанында білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.  

5. Тексеру мынадай әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізіледі: 

1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының бақылау субъектісіне баруы; 

2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратқа сұрау салу; 

3) бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақыру.  

6. Бақылау субъектілерінің осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады. 

7. Бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі. 

Жоспардан тыс тексеру бақылау субъектісіне қатысты осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша жүргізіледі.  

8. Білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін бекіткен жыл сайынғы тізбе бақылау субъектісін жоспарлы тексеруді тағайындауға негіз болып табылады. 

Білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жоспарлы тексерулердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жібереді. 

Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жоспарлы тексерулер тізбесін жоспарлы тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.  

Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар және олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады. 

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы мүмкін. 

9. Бақылау субъектісін жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады: 

1) білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы; 

2) прокурордың талабы мен құқық қорғау органдарының тапсырмасы; 

3) тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының орындалуын бақылау; 

4) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымы мен мемлекеттік органдардың жолданымдары; 

5) бақылау субъектілерінің ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының мемлекеттік бақылау және мониторинг нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуы; 

6) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен хабарлар. 

Анонимдік жолданымдар болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. 

10. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Занда айқындалады. 

11. Тексерулер жүргізу кезінде тексерудің басталатын күнін көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісін тексерудің тағайындалғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етіледі. 

12. Тексеру жүргізу мерзімдері мен нысанасы көрсетіле отырып, бақылау субъектісіне тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. 

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі: 

1) актінің күні мен нөмірі; 

2) мемлекеттік органның атауы; 

3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

4) тексеру жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер; 

5) бақылау субъектісінің атауы; 

6) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы; 

7) тексеру жүргізу мерзімі; 

8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері; 

9) тексеру жүргізілетін кезең; 

10) осы баптың 25 және 26-тармақтарында көзделген бақылау субъектісінің құқықтары мен міндеттері; 

11) бақылау субъектісі басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы; 

12) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі. 

13. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар: 

1) жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде бес жұмыс күнінен аспауға тиіс және бес жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін; 

2) жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс және он жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.  

Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.  

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі міндетті түрде тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді және бұл туралы бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді. 

14. Тексерулер бақылау субъектісінің жұмыс регламентінде белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.  

15. Тексеру нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру нәтижелері туралы қорытынды жасайды. 

16. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда мыналар көрсетіледі: 

1) қорытындының жасалған күні, уақыты және орны; 

2) мемлекеттік органның атауы; 

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі; 

4) тексеру жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

5) бақылау субъектісінің атауы; 

6) тексеру жүргізу күні, орны және кезеңі; 

7) тағайындалған тексерудің түрі мен нысанасы; 

8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;  

9) талаптарды орындау және бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар; 

10) бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы; 

11) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы. 

17. Тексеру нәтижелері туралы қорытындыға тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері (олар болған кезде) қоса беріледі. 

18. Қосымшалардың көшірмелері бар тексеру нәтижелері туралы қорытындының бірінші данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін бақылау субъектісіне (басшыға не оның уәкілетті адамына) қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы электрондық нысанда өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырылады, үшінші данасы білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінде қалады. 

19. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда бақылау субъектісінің басшысы оларды жазбаша түрде жазады. 

Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы қорытындыға қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады. 

Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды. 

Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы. 

20. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді. 

Тексеру нәтижелері туралы қорытындыны орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады, бірақ қорытынды табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кем болмайды. 

Тексеру нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі осы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде тексеруді жүргізген білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. 

Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ұсынылған ақпаратқа бақылау субъектісі (қажет болған кезде) бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. 

Бұл жағдайда осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу талап етілмейді. 

Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне қорытындының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салу жібереді. 

Тексеру нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі осы баптың 9-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы. 

21. Тексеру жүргізу кезінде осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы қорытындыда тиісті жазба жүргізіледі. 

22. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі. 

23. Осы бапта белгіленбеген тексерудің өзге де түрлерін жүргізуге тыйым салынады. 

24. Тексеру жүргізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдары: 

1) осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленбеген талаптардың орындалуын, сондай-ақ егер мұндай талаптар білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің құзыретіне жатпаса, тексеруге; 

2) егер құжаттар, ақпарат тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға; 

4) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімінен асыруға; 

5) бақылау субъектілері есебінен мемлекеттік бақылау мақсатында шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқылы емес. 

25. Бақылау субъектілері: 

1) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын: 

жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған; 

осы бапта белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде мерзімді ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген мерзімдерден асып кеткен не өтіп кеткен;  

тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тексеру жүргізу тапсырылған; 

тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен артық ұзартылған; 

тексеруді тағайындау туралы акт, қызметтік куәлігі (сәйкестендіру картасы) болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге; 

2) егер мәліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға; 

3) білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы аумақтық бөлімшесінің тексеру нәтижелері туралы қорытындысына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 

4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізетін жекелеген әрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, аудио- және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы. 

26. Бақылау субъектілері: 

1) білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге; 

2) осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге; 

3) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің сұрау салуы бойынша ақпарат беруге;  

4) коммерциялық, салықтық не өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға; 

5) тексеру аяқталған күні оның нәтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға; 

6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге; 

7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда бақылау субъектісі басшысының не оны алмастыратын адамның тексерудің тағайындалған мерзімдерінде бақылау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.  

27. Бақылау субъектілері білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

Ескерту. 59-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...58 59 59‑1 60 61 ...68

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;


если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?


8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно

нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться