Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
20-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем

1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыға әлеуметтiк төлем тағайындауға өтiнiш жасалған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе жалғастырып жатқанына қарамастан тағайындалады. 

2. Адамның жалпы еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін куәландыру және белгілеу Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес МӘС бөлімшесінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. 

3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтiк төлем қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбекке қабілеттіліктен айырылудың белгiленген бүкіл кезеңіне тағайындалады. 

Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте қор үш жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттік корпорацияны әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнің өзгергені туралы шығарылған шешiм жөнінде хабардар етеді. 

4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлемнің мөлшерi әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызы шегерілген, әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерiн кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту жолымен айқындалады. 

Әлеуметтiк аударымдар есептелетін объект ретiнде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады. 

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған кіріс – төлеуші беретін кірістер туралы анықтама негізінде кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі. 

Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері кірістің орташа айлық мөлшері есебінен алып тасталады және кірістің орташа айлық мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады. 

Әлеуметтік аударымдарды бірыңғай төлем төлеуші төлеген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде есепке алынған кірістің орташа айлық мөлшерінің ең жоғары шегі әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың бесінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақтың алтыншы бөлігі 01.01.2024 дейін қолданылады - ҚР 26.12.2019 № 286-VI Заңымен.

Сол бір кезең үшін жұмыс берушіден және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғадан әлеуметтік аударымдар келіп түскен жағдайда, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді есептеу кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғаның кірісі қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріс деңгейінде қабылданады. 

Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициентi 0,6 болады. 

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді. 

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi: 

алты айдан кем болғанда – 0,1; 

алты айдан он екі айға дейін – 0,7; 

он екi айдан жиырма төрт айға дейiн – 0,75; 

жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн – 0,85; 

отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн – 0,9; 

қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн – 0,95; 

алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0 болады; 

алпыс және одан да көп айға – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылып отырады.  

Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемді алу кезеңдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне "0" түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есепке жатқызылады. 

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (01.04.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...40

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться