Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.11.2019


Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
21-бап. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау және оның мөлшерi

1. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысына әлеуметтiк төлем алуға өтiнiш жасаған уақытқа қарай жұмысты тоқтатқанына немесе iстеп жатқанына қарамастан тағайындалады. 

2. Алып тасталды - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Адамның жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін куәландыруды және белгілеуді МӘС бөлімшесі Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырады. 

4. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлем Қордан төленетін әлеуметтiк төлемдерге құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылған деп белгiленген бүкіл кезеңге тағайындалады. 

Еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген жағдайда, әлеуметтiк төлем еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi өзгерген күннен бастап еңбек ету қабiлетiнен айырылудың жаңадан белгiленген дәрежесiне сәйкес келетiн мөлшерде жүзеге асырылады. Бұл ретте Қор әлеуметтiк төлемдер мөлшерiнiң өзгергенi туралы шығарылған шешiмге қатысты Мемлекеттік корпорацияны үш жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді. 

5. Еңбек ету қабiлетiнен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төмен мөлшерінің елу бес пайызын шегеріп, әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшерiн табысты ауыстырудың, еңбек ету қабiлетiнен айырылуының және қатысу өтілінің тиiстi коэффициенттерiне көбейту арқылы айқындалады. 

Әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде ескерiлген табыстың орташа айлық мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы айқындалады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақтың үшінші бөлігі 01.01.2024 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өзінен әлеуметтiк аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген бiр ең төмен жалақы мөлшерінің деңгейiнде қабылданады. 

Бұл ретте, табысты ауыстыру коэффициентi 0,6 болады. 

Еңбек ету қабiлетiнен айырылу коэффициентi: 

жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi сексеннен жүз пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн – 0,7; 

жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi алпыстан сексен пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн – 0,5; 

жалпы еңбек ету қабiлетiнен айырылу дәрежесi отыздан алпыс пайызға дейiн болатын, еңбек ету қабiлетiнен айырылған адамдар үшiн 0,3 болады. 

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің өзi үшiн әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген қатысушысы үшiн қатысу өтілінің коэффициентi: 

алты айдан кем болғанда – 0,1; 

алты айдан он екi айға дейiн – 0,7; 

он екi айдан жиырма төрт айға дейiн – 0,75; 

жиырма төрт айдан отыз алты айға дейiн – 0,85; 

отыз алты айдан қырық сегiз айға дейiн – 0,9; 

қырық сегiз айдан алпыс айға дейiн – 0,95; 

алпыс ай және одан да көп айларға – 1,0 болады. 

6. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем: 

1) алушы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған күннен бастап; 

2) алушының қайтыс болуына (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тануына немесе қайтыс болды деп жариялауына) байланысты тоқтатылады. Әлеуметтік төлем оны алушы қайтыс болған (соттың хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап) айды қоса алғанда, жүзеге асырылады; 

3) алушыны әрекетке қабілетті деп тану туралы МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады. 

7. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушының еңбек ету қабілетінен айырылған деп белгілеген кезеңі аяқталған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылған деп кезекті кезең белгіленгенге дейін тоқтатыла тұрады. 

Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.02.2013 № 75-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 17.03.2015 № 293-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Задать вопрос в комментариях 
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...35

Перейти к статье


Лучшие юристы

Арман
Гость 2
Mirkhat
Жанат
Глобенко Сергей Михайлович

Все юристы

Новые комментарии на сайте

Здравствуйте!

Заработная плата составляет 25500 тенге. Имею исполнительный лист. Возмещение ущерба государству. Иск государства, была проблема с налогами.

Судебный исполнитель удерживает 50% заработной платы. Закон РК Об исполнительном про-ве.....Статья 95 п.1 ........ При обращении взыскания на заработную плату или иные виды дохода должника по одному или нескольким исполнительным документам за должником должно быть сохранено не менее пятидесяти процентов заработной платы или иного дохода.При этом сохраняемая сумма за должником должна быть не менее размера прожиточного минимума, устанавливаемого ежегодно на соответствующий финансовый год.

На основании данной статьи удержания вообще не должны производиться. Прожиточный мин. 29698 тн. Поясните пожалуйста.

Благодарю за ответ. Глобенко Сергей


Я являюсь действующим ИП. При сдаче 910 формы за 2018 год была допущена ошибка, одна реализация отразилась в 1 полугодии и во 2 полугодии 2018 года. Пришло уведомление о том, что превышен оборот для НДС. Мной был отправлен ответ на уведомление и сдана дополнительная декларация на уменьшение дохода во 2 полугодии 2018 года. Через 2 месяца оказалось, что ответ на уведомление не принят в связи с непредоставлением документов. Сделана полная блокировка всех счетов ИП и физлица. Когда я пришла в налоговую с документами, мне сказали, что оборот за 2018 год достиг предельного оборота 72 150 000 тенге, и требуют они встать на учет по НДС, говорят хотят обложить 15% штрафом. При они обязали принести выписки по всем счетам, в том числе и карточным еще и за 2019 год. Они сказали, что штраф будет наложен на оборот 2018 года и на оборот 2019 года. В оборот 2019 и 2018 года они хотят включить все движения по личным карточным счетам. Что мне делать?


Являюсь Действующим ИП и официальным работником ТОО. В первом полугодии 2019 года указал доход в 910 декларации за 1 месяц, соответственно все отчисления тоже указал за этот месяц, по остальным месяцам указал 0. После камерального контроля выяснилось, что не взирая на месяц дохода нужно пенсионные и социальные отчисления оплачивать за все месяца в полугодии , но эти платежи превысят указанный доход, так как оплачиваю с МЗП 42500. Нужно ли мне их оплачивать по закону, если ежемесячно ТОО, в котором я работаю, отчисляет все нужные платежи??



Здравствуйте!

Корректировка ПСД допускается Заказчиком, если он нёс расходы на её разработку.

Согласно пункту 4 статьи 655 ГК РК (особенная часть) подрядчик вправе требовать возмещения разумных расходов, понесенных им в связи с установлением и устранением дефектов в проектно-сметной документации, кроме случаев, когда такая документация составлялась по его заказу.

То есть, вы можете требовать возмещения только тех фактических расходов, что понесли в связи с какими-либо несоответствиями, нарушениями и т.п. в ПСД.

Я так понял, что вы не оплачивали разработку ПСД, не приступали ещё к каким-либо работам, т.е. у вас никаких расходов пока не возникло. Следовательно, что либо требовтать вы не можете.

А насчет 5% и т.п. - не знаю, такой нормы насчёт ПСД не видел.

Удачи!)


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться