Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22-3 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
22-3-бап. Қарсылықты қарау

1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.  

2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп таныған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.  

3. Қарсылықты қарау мерзімі үш айға дейін, оның ішінде өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша ұзартылуы мүмкін. 

4. Апелляциялық кеңес: 

1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген; 

2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген; 

3) өтініш берушінің дәлелдерін және (немесе) қарсылыққа байланысты мән-жайларды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы. 

5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады: 

1) қарсылықты қанағаттандыру туралы; 

2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы; 

3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы; 

4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы. 

Апелляциялық кеңес өзінің бастамасы бойынша қарсылықтың нысанасын немесе негізін өзгертуге құқылы емес.  

6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.  

7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.  

8. Апелляциялық кеңес қабылданған шешімде жіберілген қате жазуларды немесе айқын техникалық қателерді өз бетінше немесе отырысқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша түзете алады.  

Апелляциялық кеңестің шешіміне түзетулер енгізу апелляциялық кеңестің қосымша шешімімен ресімделеді.  

9. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді. 

10. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. 22-3-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...22‑1 22‑2 22‑3 22‑4 22‑5 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться